Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ТЖМ ҚАСАҚАНА ӨРТ ҚОЙЫЛУЫ МҮМКІН ДЕП ОТЫР

c 15:31, 05/09/2022 c 1539

0:00 / 0:00

Қостанай облысында орын алған алапат өрт бір адамның өмірін қиды. 10 адам жарақат алды, күйік шалды, жеңіл және орташа ауырлықтағы уланып қалғандар бар. 4 бірдей ауыл зардап шекті. Аманқарағай, Лесное, Озерное және Калиннино елді мекендерінен 1841 адам қауіпсіз жерге көшірілді. Тілсіз жау 43 мың гектар орман алқаптары жалмады. Аталған ауылдар бойынша 108 құрылыс нысаны өртеніп кетті. Үкімет өрт салдарынан зардап шеккендерге көмек көрсетіледі деп отыр.

ЮРИЙ ИЛЬИН – ҚР ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР МИНИСТРІ «Президент Үкіметке тапсырма берді. Өрттен зардап шеккен халыққа өтемақы төлеу қарастырылған. Аманқарағай ауылында 98 үй, Озерноеда 8 үй, Лесное ауылында да үй-жайлар өртеніп кетті»

Қостанай облысындағы өрттің орын алу себептерінің әртүрлі нұсқалары айтылып жатыр. Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин өрт қасақана адам қолынан болды деген нұсқаны жоққа шығармайды. Себебі орман өртінің алдында найзағай түсу оқиғалары тіркелмеген. Өз кезегінде Ішкі істер министрлігі егер қасақана өрт қою фактісі анықталса, 8 жылға бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған деп мәлімдеді.

Қостанай облысындағы өртке байланысты 3 қылмыстық іс қозғалды. Қазақстандықтар үкіметтің қолдауын күтпей-ақ, тілсіз жаудың зардабын шеккен қостанайлықтарға көмек қолын созуда.
Әлеуметтік желіде арнайы есепшоттар ашылып жатыр. Кейбір еріктілер жолға шықты. Тұрғындар азаматтарға қажетті заттар, дәрі-дәрмек, азық-түлік жинап жатыр. Асар бастамасын түрлі ресми, ресми емес ұйымдар мен партиялар да қолдап жатыр. Қостанай облысы әкімдігінің резервінен өрттен зардап шеккендерге көмек жолданды. Қауіпсіз жерге көшірілгендердің 200-і мектептерді паналауда. Өңір басшысы Архимед Мұхамбетов орман өртінің салдарынан баспанасыз қалғандарға 91 үй салып беретінін айтты. Өңірде қыс ерте түсетіні мәлім. Сондықтан қазан айының соңына дейін үйлерді салып үлгеруі тиіс.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.