Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ТҮРМЕДЕГІ БЫЛЫҚ

c 01:04, 08/09/2023 c 45

0:00 / 0:00

Қазақстандық түрмелердегі былық жайында әлеуметтік желіде мәліметтер көп шығып жатыр. Қылмыстық атқару жүйесі саласындағы қызметкерлердің сотталғандарды ұрып-соғу деректері, түрмелерде ұялы телефондарды еркін қолдану орын алатындығы айтылуда. Оған куә қаңтар оқиғасы бойынша сотталған Серік Күдебаевтың түрмедегі суреті әлеуметтік желіде жария болды. Онда Күдебаевтың түрмеде дастархан жайып, қасындағылармен түскен фотосы шықты. Ал 3 қыркүйекте Ақмола облысындағы Атбасар колониясында қызметкерлер әжетхана жуудан бас тартқан белсенді Тимур Дәнебаевты ұрып-соғып, қинаған видеосы тарады. Түрмедегі азаптау оқиғасынан кейін Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің бастығы қызметінен шеттетілді. 11 қызметкер жұмысынан айырылуы мүмкін.

Еске сала кетейік, әлеуметтік желіде тараған видеода түрмедегі азаптау оқиғасына қатысты жағдай көрсетілген. Бұл Ақмола облысы Атбасар ауданындағы №1 түзеу мекемесінде орын алған жағдай. Түрме қызметкерлері сотталғандарға күш қолданғаны туралы видео қоғамда қызу талқыланды. Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, мекеме әкімшілігінің заңды талаптарына бағынбау фактісі бойынша арнайы құрал пайдалану кезінде қызметкерлердің қызметтік жағдайын асыра пайдалану белгілері байқалады. Жүргізілген қызметтік тергеудің қорытындысы бойынша тәртіптік комиссия шешімімен облыстық қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің бастығы және орынбасары, сондай-ақ колония бастығы атқарып отырған лауазымынан шеттетілді. Осы келеңсіздікке байланысты 11 қызметкерді ішкі істер органдарынан жұмыстан қуу ұснылған. Ендігі прокуратура органдары сотқа дейінгі тергеуді бастап кетті. Сенат төрағасы түрмедегі былықтарға қатысты пікірмен бөліскен еді.

Түрмедегі былықтың бірі- ұялы телефонды емін-еркін қолдану фактісі орын алуда. Тіпті түзеу мекемесінде отырып жақындарына хабарласып отыратындар баршылық. Ал қаңтар оқиғасы бойынша сотталған Алматы облыстық Полиция департаментінің бұрынғы бастығы, генерал Серік Күдебаевтың Өскемен түрмесіндегі суреті жария болды, Онда Серік Күдебаев және өзге сотталғандар түрмеде дастархан жайып, тойда отырғандай суретке түскен. Бұл оқиға түрмеге смартфондар емін-еркін кіргізіліп жатқанының белгісі. Түрмеде мұндай сотталғандарға жағдай жасалған деп сынағанды әлеуметтік желіні қолданушылар. Спикер Әшімбаев заңды қатаңдату керек деп отыр.

Серік Күдебаев ағымдағы жылдың 28 сәуір күні 10 жылға сотталғанды.Оған қаралы қаңтар кезінде лауазымдық өкілеттігін асыра пайдалану және азаптау баптары бойынша айып тағылды.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.