Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Тұрғындар Жайық жағалауын бекіту жұмыстарына алаңдайды

c 15:24, 24/03/2021 c 395

0:00 / 0:00

Қарапайым халық өзен жағалауын бекіту шараларының барысы мен жүзеге асыру жұмыстары көпшілік талқысына салынбады деп шенеуніктерге кінә артуда. Алайда қала басшылығы: "Заң аясында барлық қажетті шаралар ұйымдастырылды",- дейді. Шілде айында жоба жасақталып, тамыз айының 14-ші жұлдызында тыңдалым өтіпті. Оның болатын жері мен уақыты белгіленіп, ақпараттық газет беттеріне жарияланған екен. Дегенмен талқылауға тұрғындар құлықсыздық танытыпты. Юля Канавалова болса қала ішінде қолға алынған екі жобаға да жетекшілік етіпті. Стрежеченко көшесінен Шамсудинов көшесіне, одан ары қарай айлаққа дейінгі аралықты қамтитын ұзындығы 670 метр өзен жағалауы бекітілмек. Оған қоса өзен жағалауын бойлай салынған тұрғын үйлер құламауы үшін арнайы жұмыстар жүргізіліп, өзен жағалауы қатты және тұрмыстық қалдықтардан тазартылатын болады. Маман қарапайым халықтың алаңдауына еш негіз жоқ дейді.Өзен жағалауын бекіту жұмыстары 2022 жылы аяқталады деп жоспарланып отыр.

 

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.