Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Тұрғындар базынасы

c 16:01, 18/06/2020 c 638

0:00 / 0:00

Орал қаласының Әбілқайырхан даңғылы 171 мекенжайының тұрғындары сапасы сын көтермейтін суды ішіп отырмыз деп шағымдануда. Аталмыш тұрғын үй осыдан үш жыл бұрын пайдалануға берілген. Содан бері тұрғындар ауыз су мәселесін шеше алмай қиналып келеді.

Әбілқайыр хан даңғылы 171 мекенжайында өмір сүретін тұрғындар лас суды ішуге дауалаймай отыр. Ауыз су мен жуынып -шайыну үшін тіршілік көзін сатып алып ішеді. Оралдықтар осы мәселемен 3 жылдан бері өмір сүріп келеді. Судың сапасына байланысты талай мекеменің табалдырығын тоздырыпты. Бірақ әлі күнге дейін судың түсі неліктен сарғыш екенін ешкім түсіндіріп бере алмаған.

Санитария мамандары судың сапасына байланысты сынама алған. Мамандар су тиісті нормаларға сәйкес келмейді деген тұжырымға келіпті.

Аталмыш үйдің су құбырын жуып шығу туралы шешім қабылданыпты. Бірақ бұл мәселені түбегейлі шешпейді. Өз кезегінде "Батыс Су арнасының" қызметкерлері суда темірдің мөлшері көп деп мәлімдеме жасады. Тұрғындарды талай жыл толғандырған мәселені біржолата жою үшін арнайы тазалайтын құрылғы орнату қажет.

Қаржы бөлінгеннен кейін суды тазалайтын станцияның құрылысы жүзеге аспақ.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.