Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Түлектер кездесуі

c 18:28, 21/09/2018 c 840

0:00 / 0:00

Кейінгі кезде өңірімізде мектеп түлектерімен кездесу дәстүрлі түрде өтетін мереке іспеттес. Сондай шара  шаһарымыздағы №19 мектепте болып өтті. Елімізге танымал әнші, әртіс Гүлнара Сильбаева өзінің түлеп ұшқан алтын ұя мектебіне табан тіреп, ұстаздарымен жалпы мектеп ұжымымен кездесті.

Қаламызда өткізіліп жатқан "Оралым-құтты мекенім" атты түлектер форумы аясында, танымал әртіс Гүлнар Сильбаева өзі түлеп ұшқан шаһарымыздағы №19 мектепке бас сұқты. 2004 жылы мектеп қабырғасымен қоштасып, Елорданы бағындырып, бүгінде танымал актриса атанған Гүлнара Селбаева өзі түлеп ұшқан бұл білім ордасының өнер жолындағы бастапқы баспалдағы болғандығын жеткізді.

Танымал жерлесімізді, сыныптастары, ұстаздары және мектеп оқушылары күтіп алды. Өйткені, мектеп оқушыларына Гүлнара Сильбаева бүгінгі үлгі, қазіргі мақтаныш.

2004 жылғы мектеп түлектерінің басын қосқан шара барысында мәртебелі мейман оқушылармен емен-жарқын жүздесіп, өзінің басынан өткен қызықты жайттарымен бөлісті. Аталмыш білім ошағының бір кабинетіне Гүлнара Сильбаеваның есімі берілді.

Автор:

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.