Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Туған күніңмен, Орал!

c 18:16, 10/09/2018 c 1346

0:00 / 0:00

Оралдықтар, сүйікті шаһарының туған күнін сенбі күні таңертеңнен тойлауды бастады. Халық арасында "Арбат" деген атауға ие болған, Дина Нұрпейісова атындағы көшеде қалалық білім беру ұйымдарының ұйымдастырған гүлдер фестивалі барша оралдықтардың көңілінен шыға білгендей. Мекеменің қызметкерлері түрлі тақырыпта жасаған бұйымдарын таныстырып, оның тарихын баяндап жатты.

Қала күнін тойлау барысында татарлардың "Сабантой" мерекесі де тойланды. Мыңдаған тұрғынның көңілінен шыққан "Тұңғыш президент" атындағы алаңда олардың ұлттық тағамдары мен қолөнер көрмесі қойылды.
Қала күніне арналған басты мерекелік шара Петр Атоян атындағы алаңда ұйымдастырылған еді. Концерт тізгінін белгілі актер, жүргізуші Тәуекел Мүслім ұстады. Мерекелік кеш барысында эстрада әншілері Айдана Меденова мен Олжас Абай оралдықтарға тамаша көңіл-күй сыйлай білді.

Мерекелік кештің нүктесі керемет от шашумен аяқталды!

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.