Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Төлем жыры

c 17:54, 05/10/2020 c 604

0:00 / 0:00

Бәйтерек ауданына қарасты Махамбет ауылының тұрғыны Болат Бекмурзиев 4 жылдан бері гемодиализдің көмегімен өмір сүріп келеді. Бірінші топтың мүгедегін жары сүйемелдеп жүреді. Махамбет ауылының тұрғыны жеке көмекшілерге төленетін төлемақының ауылдық және қалалық жерде әртүрлі берілуіне көңілі толмайды.

55 жасар Болат Бекмурзиев 4 жылдан бері бүйрегі сыр беріп, гемодиализдің көмегімен күн көріп жүр. Науқасқа жары көмектеседі. Ер адам осы жеке көмекшілерге төленетін ақының әртүрлі болатынына қапалы.

Сала мамандары жеке көмекшіге қаржы тек сегіз сағаттан аспайтын, жұмыс күндеріне төленеді,- дейді. Яғни, жеке көмекші науқасты емханаға, дәріханаға, мәдени нысандарға алып барса ғана ақысы төленеді. Ай сайын жеке көмекшілер атқарылған жұмыстың актісін тапсырып, есеп беруі тиіс.

Мамандардың келтірген мәліметіне сүйенсек, қазіргі таңда БҚО-да 1400 астам бірінші топтың мүгедегі жеке көмекшінің қызметін алады. Еліміз бойынша жеке көмекшінің науқасты сүйемелдеп жүруі үшін сағатына 358 теңге төленеді. Бұл тариф барлық жерде бірдей.

Сурет ғаламтордан жүктелген

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.