Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Тексеріс жұмыстары

c 17:29, 28/09/2020 c 468

Жылыту маусымында тұрғын үйлерде қызыл жалынның тұтануына жол бермес үшін арнайы науқан ұйымдастырылып жатыр. Науқандатқан төтеншеліктер үй-үйді аралап, жылыту пештерін жіті тексереді. Аталмыш рейд шаралары Қаратөбе ауданында өтті. Сала мамандары ауыл-ауылды аралап, тұрғындардың қысқы жылыту маусымына дайындығын тексеріп, түсіндірме жұмыстарын ұйымдастырды. Төтеншеліктер бұл жұмысын сенбі сайын жалғастырмақ. Мамандар әрбір тексеріс сайын олқылықтардың анықталатынын айтады. Бұл әлі де болса тұрғындардың өміріне немқұрайлы қарайтынын көрсетеді. 2019 жылы Қаратөбе ауданында 16 өрт оқиғасы тіркеліпті. Тілсіз жаудың алтауы тұрғын үй секторында болған. Абырой болғанда қызыл жалыннан зардап шеккен және жарақат алған жан баласы болмапты. Десек те, 2 млн 762 мың теңгедей материалдық шығын келген. Ауылдағы ағайын тұрғын үйден өрт шықпас үшін қарапайым сақтық шараларын сақтауды ұмытпаса игі.

 

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.