0:00 / 0:00
Парламент Мәжілісінде бүгін ерекше заң жобасы талқыланды. Депутаттар қазақы тазы мен төбет тұқымдарын сақтап, көбейту туралы заң жобасын мақұлдап, Сенат қарауына жіберді. Аталған заң жобасын іске асыру үшін қазынадан 1,4 млрд. теңге бөлінбек.
Қазақ халқында ит жеті қазынаның бірі болып саналады. Қазір құмай тазы ,жүйрік ит сөздері де жоғала бастады. Мәжіліс депутаттары бәрін қойып тазы мен төбет тұқымдарын көбейтуге кірісті. Тіпті бастамашы топ арнайы заң жобасын әзірлеп, бүгінгі жалпы отырыста мақұлдап, сенаттың қарауына жолдады. Осылайша саны азайып бара жатқан төбет пен тазы иттерді көбейту мәселесі заңмен реттелетін болды. Айта кетейік, өткен жылы әлеуметтік желіде Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тазымен серуендеп жүрген суреті пайда болды. Ақорда баспасөз қызметі сирек тұқымды иттің шынымен президентке тиесілі екенін және ол осы үй жануарларын ерекше жақсы көретінін хабарлағанды. Депутаттардың президенттің сүйікті иті-тазыны қорғауға екі қолын сыбана кірісуіне осы да себеп болды ма ?- деген сұрақ туады.
Заң жобасы аясында қазақы ит тұқымдарының сақталуын, тазалығын, өсімін молайту көзделген. Ол үшін қазақы ит тұқымдарының ұлттық орталығы құрылатын болады.
Бүгінде саны азайып қалған тазы мен төбеттің нақты статистикасы да жоқ.
Тазы мен төбетті қорғап, санын көбейту үшін қазынадан 1,4 млрд. теңге бөлінбек.