Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Тазалық айлығы 14-ші наурыздан басталады

c 18:41, 12/03/2020 c 467

Орал қаласында 5 наурыздан бастап 16 мамырға дейін тазалық айлығы жарияланды. Мұндай мәлімдеме шаһар басшысы Абат Шыныбеков пен қаладағы кәсіпкерлік субъектілері, мекеме-ұйым басшылары және ПИК жетекшілері бас қосқан жиында айтылды. Биылғы жылы көктем мезгілі ерте түсуіне орай, тазалық шаралары ерте қарқын алмақ. Мұны шаһар басшысы Абат Шыныбеков те: "Қаланың тұрғыны ретінде оның тазалығына әрқайсымыз жауаптымыз. Әр мекеме-ұйым өкілдері әкімдіктің ұсынысын оң қабылдап, сенбіліктерге атсалысады деп сенеміз", - деген сөзімен атап өтті. Яғни, наурыз айында тойланар «Көрісу айт» пен «Әз Наурыз» мерекелері қарсаңында әр мекеме ұжымы өз аумақтарын ретке келтіріп, әрлендіруі керек. Қалалық сенбілік шарасына наурыз айының 14 мен 28 -і күндері, сондай-ақ сәуір айының 4 бірдей сенбісі , ал мамыр айының 2-і мен 16 -ы күндері арналып отыр. Сенбілікте – қала аумағына жаппай тазалау жүргізілумен қатар, көшеттер отырғызу, қасбеттерді сырлау мен әктеу жұмыстары кірмек. Орал қаласы әкімдігі мәлімдегендей, тазалық айлығы 14-наурыздан басталып, 16 -мамырға дейін жалғаспақ.

 

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.