Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Таза су

c 17:50, 06/08/2020 c 576

0:00 / 0:00

Өндіріс орнында карантиндік шараларға қарамастан қайнаған тірлік, қызу жұмыс. Тіршілік нәріне деген сұраныс үйде отырған халықтан тоқтаусыз түсуде. Әсіресе жаз мезгілінде телефонға күніне 1000-ға жуық хабарлама түседі.«Родник» фирмасы» ЖШС «Кристалл» маркалы ауыз су өндіру кешенінде соңғы жылдары автоматтандырылған жүйені іске қосты. 0,5 литрден бастап 19 литрге дейінгі бөтелкедегі тазартылған суды дайындайды. Бүгінде 100- ден аса адамды қызметпен қамтып отырған өндіріс ошағы бірақатар қиындықтармен бетпе-бет келіп отырғандарын жасырмады. Су бірнеше сатылы тазарту жүйесінен өткізілсе де, табиғи дәмдік қасиеті жоғалмай, әртүрлі микроэлементтермен және оттегімен байытылады. Әртүрлі көлемдегі “Кристальная” таза суы, соның ішінде 1 жарым литр ыдыстағысы кең сұранысқа ие. Сондай ақ кристальная 0,5 пен литрлік құтыда газдалған және газдалмаған түрі де шығарылуда. Бұл бірінші цехта шығарылатын өнім. Ал екінші 19 литрлік су дайындалады. Өнімнің тағы бір артықшылығы оған қажетті шикізаттың жүз пайызға жуығы кәсіпорынға қарайды. Ал 19 литр су құйылатын ыдыстың басқаларға қарағанда өзгешелігі ұзақ уақыт пайдалануға болады. Кәсіпорын өндірген таза ауыз суға сұраныс жоғары. Қызметкерлер тәулік бойы телефон арқылы да тапсырыс қабылдайды.Судың құрамы зертханада тексеріліп зиянсыздығына көз жеткізіледі.Және өзге кәсіпорындарда дайындалған су дәмімен салыстырылады.Бұл компания өнімдері Қазақстан облыстары ғана емес, шет елге де танымал. "Родник" фирмасындағы шетелден әкелінген арнайы құрылғылар суды өзгеше әдіспен тазалайды. Су құйылатын ыдыстар ыссы суда тазаланады. Серіктестік қызметкерлерінің айтуынша, автоматтандырылған желінің қуаты тек қана БҚО емес, сонымен бірге көршілес аймақтарды да сапалы ауыз сумен қамтуға қауқарлы. Мамандар судың дәмін, сапасын жақсарту жолында әрдайым ізденісте. Бұл шығарылған өнімнің қауіпсіздігіне жауап береді. Озық технологияны меңгерген зауыт келешекте америкалық әдіспен йодталған таза су өндіруді жоспарлап отыр. Мамандар зерттеулеріне қарағанда аурудың 80 пайызы сапасы төмен ауыз судан болатын көрінеді. Таза су - денсаулық кепілі.

 

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.