Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Тасқынға тосқауыл

c 14:41, 25/02/2019 c 594

0:00 / 0:00

Өткен демалыс күндері Зашаған кентіне қарасты Сарытау шағын ауданының бірқатар көшелері қардан тазаланды. Аталмыш сенбілікті ұйымдастыруға құрылыс компаниясы көмекке келген. Қалың қардың құрсауында қалған көшелерде бірнеше техника жұмыстанып, ақ ұлпаны тазалап жатыр. Облыс орталығында суға кетуі мүмкін делінген аумақтар белгіленді. Бүгінгі таңда аса қауіпті делінген учаскілердің саны- 22. Бір Зашаған кентінде алты аймақ қауіпті тізімді толықтырып тұр. Жер үйде тұратын оралдықтарды баспанамызды су басама деген ой мазалайтыны жасырын емес.

Бүгінгі таңда комуналдықтар тәулік бойы ақ ұлпаны тазалап жатыр. Күні бүгінге дейін арнайы белгіленген орындарға 720, 583 текше метр қар жинақталыпты. Қала әкімінің сөзіне сенсек, шаһар аумағында 300-ден астам техника жұмыстанып жатыр.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.