Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Тарихты түгендеу

c 15:44, 11/02/2019 c 712

0:00 / 0:00

Облыс орталығында Елбасының "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" мақаласының аясында екінші өлкетанушылардың конференциясы оздырылды. Аталмыш шараға қаланың 32 мектебінің оқушылары қатысты. Оқушылар 5 аталым бойынша 86 зерттеу жұмыстарын ұсынған.

Орал қаласында "Өз өлкеңді тану-рухани жаңғырудың даңғылы" атты өлкенатушылардың конференциясы өтті. Аталмыш шара өлке тарихын түгендеп жүрген ғалымдар мен енді-енді мектеп қабырғасынан бастап, туған елінің тарихын оқып, білуді қолға алған оқушылардың басын қосты.

Өлкенің тарихы түгенделген шараға қатысушы оқушылардың бірі- Демежан Сайынов. Ол аталмыш шараға екінші мәрте қатысып жатқан көрінеді. Демежан көненің көзі болған диірменді құрбы-құрдастарына түсіндіріп, оның қандай маңызға ие болғандығын айтып жүреді екен. Ол өз сыныбында сауалнама жүргізіпті. Анықталғандай оның сыныптастарының басым көпшілігі дерменді көрмеген екен. Оқушылар оның суретін кітаптардан көріп, не үшін пайдаға асқандығын дөп баса айталмапты.

Жаһандану заманында жұтылып кетпеу үшін өскелең ұрпақ өлке тарихын түгендеп, туған жерінде қандай айшықты оқиғалардың болғандығы мен көненің көзі болған ескі дүниелерді танып білу керек.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.