Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Тариф қымбаттайды ма?

c 15:34, 17/12/2019 c 659

0:00 / 0:00

"Батыс Энерго Ресурстың" өкілдері тариф бағасын қымбаттатуға өтініш берді. Олар тұрғындар тұтынатын электр жарығының бағасын 2,6 теңгеге өсіруді сұрап отыр. Жарық бағасын қымбаттатуға байланысты Орал қаласында қоғамдық тыңдалым өтті. Шараға бұқара мен өтініш берген компанияның уәждерін тыңдауға табиғи монополиларды реттеу басқармасының мамандары да қатысты.

Бағаның қымбаттатуын сұраған "Батыс энерго ресурстың" өкілдері электр жарығының бағасы оны үш түрлі мекемеден сатып алудан құралатындығын айтады. Аталмыш мекемелер биылғы жылдың 1-ші қазанынан бастап, электр энергиясының бағасын қымбаттатқан. Осыған байланысты Ақмола, Солтүстік Қазақстан мен Павлодар облыстарында да жарықтың бағасын өсіруге өтініш бергендігі белгілі болды.

Электр жарығының бағасын өсіруді сұрап отырған компания өкілдері жеке тұлғалар үшін бағаны 2,6 теңгеге, ал, бизнес субьектілері үшін 1,2 теңгеге қымбаттатуды сұрап отыр. Бірақ, "Батыс энерго ресурстың" мамандары тарифтың бағасын мемлекеттік мекелер үшін арзандатуды сұрайды. Қоғамдық тыңдалымға қатысқан оралдықтар өз пікірлерін ортаға салды. Батысқазақстандықтар жарық бағасы қымбаттаса, өзге де коммуналдық тарифтер бағасы шарықтайды деп мәлімдеме жасады.

Сондай-ақ, тұрғындар жарық бағасы көгілдір отынның бағасына тікелей байланысты екендігін айтады.

"Батыс энерго ресурстың" мамандары 25-ші қарашада өтініш берген. Заңнамаға сәйкес, аталмыш өтініш бір айдың көлемінде қаралмақ. Табиғи монополияларды реттеу департаментінің өкілдері бағаның қымбаттауы жан-жақты қаралып, сарапталғаннан кейін, тариф өзгеріске енетіндігін ескертті.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.