Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Танысын пышақтап өлтірді

c 16:50, 05/11/2018 c 608

0:00 / 0:00

Батыс Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында сотталушы Земляковқа үкім шықты . 18 жасар Е.Земляков ҚР ҚК 99-бабы 1-бөлігіне сəйкес айыпты деп танылды. Оған 13 жылға бас бостандығынан айыру жазасын қауіпсіздігі жоғары қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде өтеу белгіленді. Сот талқысы барысында мəлім болғанындай 12 маусымға қараған күні Земляковпен Елеуов сөзге келіп қалады. Соның салдарынан Земляков Елеуовтың кеуде тұсына бірнеше рет пышақ жұмсаған. Марқұм оқиға орнында көз жұмған.
Сонымен қатар, сотталушы жәбірленуші жаққа моральдық шығын ретінде 4 млн 847 мың теңге төлеуге тиісті. Айта кетерлік, Земляков қылмыс жасаған соң оқиға орнын тастап үйіне кетіп қалған . Земляковтың әжесінің айтуы бойынша үйге келген немересінің қан болған қолын көрген тұста не болғанын сұрағанда әже мен кісі өлтірдім деп жауап беріпті. Сот барысында сотталушы өз кінәсін толықтай мойындады. Алайда, марқұм Елеуовтың анасы Галина ДЕМЯШЕВА сот үкімімен келіспейтінін жеткізді.

Автор:
Оператор: Нурлан Кунашев

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.