Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Талаптыға нұр жауар

c 16:51, 23/01/2020 c 1111

0:00 / 0:00

Бүгін Орал қаласының әкімі Абат Шыныбеков шаһардағы дарынды мектеп оқушылармен кездесті. Оқушылар сарайында ұйымдастырылған шараға биылғы республикалық пәндік олимпиаданың облыстық кезеңінің жүлдегерлері мен халықаралық, республикалық деңгейдегі ғылыми жобалар байқауларының жеңімпаздары қатысты.Биылғы пәндік олимпиаданың облыстық кезеңінде командалық есеп бойынша қала мектептерінің командасы екінші орынды иеленген. Қатысқан 82 оқушының 51-і жүлделі орындардан табылса, олардың 11-і - бірінші, 20-сы - екінші орын алған. Осы 31 оқушы олимпиаданың республикалық кезеңіне ұсынылып отыр.
Кездесуде оқушылар оқу жылында қол жеткізген өз жетістіктері туралы айтты. Жаңалыққа жаны құмар өрендер зерттеулері мен қиялдарынан туған ғылыми жобаларын таныстырды. Күннен қуат алатын «Ақылды үй», от жылуын электр энергиясына айналдыратын қозғалтқыш, қызғалдақ өсіру, кітап оқу белсенділігін арттыруға интернет-блоктың ықпалы сынды қызықты жобалар - оқушылардың ізденіске деген ілтипаттарының айғағы десек болады. Сұхбат барысында қала әкімі Абат Абайұлы оқушылардың сұрақтарына жауап беріп, Ұлы ақын Абай Құнанбайұлының рухани мұрасынан нәр алуға шақырды. Жүздесуге қатысқан оқушыларға алғыс хат ұсынып, таланты ұшқыр, талғамы биік балғындардың армандарына жетуіне тілектес екенін жеткізді.

 

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.