Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ТАҒЫ ДА ҰЛТТЫҚ ҚОРҒА ҚОЛ САЛАМЫЗ

c 00:04, 30/08/2023 c 55

0:00 / 0:00

Ел үкіметі тағы да болашақтың несібесі - Ұлттық қорға қол салмақшы. Премьер-министрдің орынбасары - қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев бүгін өткен үкімет отырысында келер жылы Ұлттық қордан 3,6 триллион теңге көлемінде трансферттер тартылатынын айтты.Бұл қаражат автомобиль жолдарын, жылу, газ және сумен жабдықтау желілерін, инженерлік желілерді жаңғырту, сондай-ақ "Жайлы мектеп" және "Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту" ұлттық жобалары шеңберінде бірқатар әлеуметтік нысандар салу сияқты әлеуметтік маңызы бар және маңызды инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруға бағытталмақ.

Үкімет тағы да Ұлттық қордан қаржы тартпақшы. Мұнай тасымалынан толтырып жатқан қордың қаражатына маза жоқ. Болашақтың ақшасын әлеуметтік мәселелрід шешуге алып жатырмыз дейді шененуіктер. Алдағы жылы Ұлттық қордан 3,6 триллион теңге көлемінде трансферттер тартылмақ. Бұл қаражат автомобиль жолдарын, жылу, газ және сумен жабдықтау желілерін, инженерлік желілерді жаңғырту, сондай-ақ "Жайлы мектеп" және ауылдарда денсаулық сақтау нысандарын салу сияқты әлеуметтік маңызы бар және маңызды инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруға бағытталады деп жұбатады министрлер. Бас қаржыгер болса қордың қаражаты таусылып қалмайды деген сенімде.

Вице- премьердің айтуынша, келесі жылы әлеуметтік саланың шығыстары 9,9 триллион теңгеге жетіп, 2023 жылға қарағанда 1,4 триллионға ұлғайып отыр. Шығыстың өсуіне сол баяғы әлеуметтік факторлар себеп дейді ол. Зейнетақы, жәрдемақы мен стипендияны өсіру, әйелдер үшін зейнеткерлік жасты 61 жас деңгейінде тоқтату, бала күтімі, гранттар азаматтық қызметшілердің, білім, медицина саласы қызметкерлерінің жалақысын ұлғайту көзделуде. Алайда, мемлекет әлеуметтік топтың табысын тиындап өсіргенімен, инфляция жеп қойып жатыр. Қымбатшылықтан халық шаршады. Тапқан табысы тамағынан аспай қалды. Бірақ оптимист шенеуніктер инфляция деңгейін төмендетеміз деген арманынан бас тартар емес.

Үкімет отырысында 2024 жылдан 2026 жылға дейінгі үш жылдық кезеңге арналған республикалық бюджет жобасы қаралып, қабылданды. Премьер-министр болжауынша, 2024-2026 жылдары жалпы ішкі өнімнің өсуі 5,3-6 пайыз деңгейде болады. Инфляцияның орташа жылдық деңгейі алдағы жылы 6-8 пайыз деңгейінде, ал 2026 жылы бес пайызға дейін төмендейді дейді үкімет басы.

Үкіметтің қабылдаған үш жылдық бюджет жобасы Парламенттің қоржынына түседі. Қыркүйекте жұмысқа кірісетін депутаттар қазына қаржысын үлестіру, Ұлттық қордан тартылып жатқан триллиондар мәселесін майшаммен қарайтын болады.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.