0:00 / 0:00
Үкімет "Халықтың табысын арттыру" бағдарламасын таныстырды. Бүгін журналистер алдына шыққан пермьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов бастаған топ жаңа бағдарлама жүзеге асса, қазақстандықтардың өмір сапасы артып, табысы молаяды деп сендірді. Бағдарламаның халықтық деп аталудағы себебі- оны іске асыруға қоғамға танымал, елдің ішінде өзіндік орны бар азаматтар жетекшілік етеді. Үкімет креатив индустрияны дамыту ісіне осы салада табысты жобаларды іске асырған азаматтарды тартып отырған жайы бар.
Үкімет халыққа жақындай бастағанын сездіргі келді ме, қазақстандықтардың табысын арттыруға арналған бағдарламасын "Халықтың табысын арттыру" деп атапты. Осылайша бұл халықтық жоба болып отыр. Себебі, онда жобаларды іске асыруға оны іске асыруға қоғамға танымал, елдің ішінде өзіндік орны бар азаматтарды тартқан. Креатив индустрияны дамыту ісіне осы салада табысты жобаларды іске асырғандар қатысып отыр. Жаңа бағдарламаға сәйкес, 1 миллионнан аса бюджет саласы қызметкерінің, сонымен қатар квазимемлекеттік сектордың өндірістік персоналының жалақысын арттыру көзделген. Сондай-ақ 2 млн 800 мың қызметкердің жалақысын бизнес пен мемлекет арасындағы қарым-қатынасқа тікелей қатысы бар жобалар арқылы көбейтпек. Әсіресе, мемлекеттің тікелей қолдауын алатын бизнес жалақыны көтеруге міндеттеледі. Ал 2025 жылға дейін 2 миллионнан астам жұмыс орны ашылмақ. Мұның бәрі табысқа тікелей әсер ететін жобалар, дейді үкімет басшысының орынбасары Тоғжанов. Ал осы тапсырмалардың жергілікті жерлерде орындалуы қалай қадағаланады? Себебі, үкімет талай жоба қабылдап, аяқсыз қалғаны есімізде. Әкімдіктердің өтірік статистикасына тойған халықты сендіру оңай болмас.
Сонымен қатара жаңа Қазақстан сырттан әкелінетін азық-түлік тауарларына тәуелділік жойылады деген жоспар бар. Үкімет оны 100 пайыз отандық тауарлармен алмастыруды көздеп отыр. Бұл алдағы үш жылдың еншісіндегі шаруа болмақ.
Бұл орайда 2022-2025 жылдары ауыл шаруашылығы саласына 650 миллиард теңге инвестиция тарту жоспарланып отыр. 13 мың тұрақты және уақытша жұмыс орны ашылады.