Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

СУДЫҢ ДА СҰРАУЫ БАР

c 14:57, 07/12/2023 c 51

0:00 / 0:00

Судың да сұрауы бар. Әлем су тапшылығымен күресу мәселесін көтеріп жатқанда біздің елде ауданаралық маңызы бар су қоймалары ұстағанның қолында, тістегеннің аузында кеткен. Тіпті кейбірі иесіз, қараусыз жатыр. Депутат Базарбектің айтуынша, 2040 жылы елімізде су тапшылығы 15 млрд.текше метрді құрайды. Бұл шамамен Арал теңізіне пара-пар су. Яғни Қазақстанда таза ауыз су ретінде пайдаланатын судың көлемі кемі 50 процентке азаяды. Бұл алаңдайтын жағдай. Ал қолда бар 1478 гидроқұрылғының 228-і жекенің қолында кеткен.

Жыл сайын қазақстандықтар көктемнің әлегі-су тасқынынан зардап шегіп жатады. Дамбалар бұзылып, ауылдымекендерді су басып, тұрғындар малынан, үйінен айырылып жатады. Тіпті адам шығына да тіркеледі. Жылда үкімет су тасқыны салдарын жоюға миллиардап қаржы бөледі. Бірақ бұл жағдай жылда қайталанды. Себебі су қоймалары мен көлдердің қожайындарының не істеп, не қойып жатқаны белгісіз. Олардың қаншалықты тозығы жетіп тұр, оны нығайту бойынша қандай шаралар қолға алынған, ол жағы да беймәлім. Жеке меншік нысан болғаннан кейін оның аумағына ешкім бас сұқпайды. Мемлекеттік бақылаудан да тыс қалған дейді депутат. Өз кезегінде Бақытжан Базарбек жекенің қолындағы су қоймаларын мемлекет меншігіне қайтаруды ұсынды.

Сондай-ақ мәжілісмен су қоймаларын бақылау жұмысы әлсіз дейді. Жауапты мемлекеттік мекеме тарапынан бақылау мен мониторинг дұрыс жүрігізілмейді. Су пайдаланудағы келесі бір маңызды нысан – каналдар. Елімізде шамамен 3,5 мыңдай магистралдық және шаруашылық каналы бар. Олардың жартысынан астамының әбден тозығы жеткен. Соның салдарынан 60% су құрдымға кетіп жатыр. Бұл – үлкен шығын. Ал бұл салада заңсыздыққа жол беріп, талапқа бағынбайтындар қатаң жазаға тартылуы тиіс деп қортындылады сөзін депутат.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.