0:00 / 0:00
Өткен апта соңында елімізде жаңа 5 министрлік құрылып, бірқатар министр лауазымымен қоштасқан болатын. Апта басында Ақорда су жаңа министрлердің тізімін қарша боратты. Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов креслосымен қоштасып, оның орнына Ержан Саденов жайғасты. Серік Жұманғарин мен Тамара Дүйсеновалар министр лауазымынан босатылып, тек премьер-министрдің орынбасарлары қызметіне қайта тағайындалды. Өткен апта соңында жұмыссыз қалған Марат Қарбаев Көлік министрі лауазымына қайта жайғасты. Айта кету керек, Қарабаев басқарған индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің құрамы өзгергенді. Биліктегі ауыс-түйіс мұнымен аяқталған жоқ. Толығырақ тілші тарқатады.
Өткен демалыс күндері қазақстандықтарды жаңа министрліктерді кім басқарады деген сұрақ мазалағаны сөзсіз. Ақорда демалыста да демалмай тағайындаудың бірқатарын жасап тастады. Президент әкімшілігіндегі қызметінен айырылған Аида Балаева бір күн ғана жұмыссыз отырды. Ол Мәдениет және ақпарат министрлігін тізгіндеді. Өткен апта соңында жұмыссыз қалған Марат Қарбаев Көлік министрі лауазымына қайта жайғасты.Сауда және интеграция министрі креслосына Арман Шаққалиев отырды. Бұған дейін ол осы салада вице-министр болғанды. Президент су жаңа сауда министрін қабылдап, оған отандық өндірушілерді қолдауды тапсырды деп хабарлайды Ақорда. Ішкі істер министрлігіне Ержан Сәденов келді. Яғни экс-министр Марат Ахметжанов бұл лауазымда 1,5 жыл ғана отырды. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болып Светлана Жақыпова тағайындалды. Жақыпова ханым бұл саланы 2019 жылы басқарғаны есімізде. Жаңадан құрылған туризм және спорт министрлігін Ақмола облысының әкімі болған Ермек Маржықпаев тізгіндеді. Ербол Қарашөкеев жылы орнымен қоштасып, ауыл шаруашылық министрлігіне Айдарбек Сапаров келді. Ол бүгінгі күнге дейін Солтүстік Қазақстан облысының әкімі болғанды. Жаңа министрліктің бірі - су ресурстары және ирриграция министрі болып Жамбыл облысының әкімі болған Нұржан Нұржігітов келді. Өнеркәсіп және құрылыс министрі лауазымы қанат Шарлапаевқа бұйырды. Шарлапаев министрлер кабинетіндегі жаңа адам десек те болады. Мемлекет басшысы Ұлттық Банк төрағасын да ауыстырып тастады. Ұлттық Банкті 1,5 жыл ғана басқарған Ғалымжан Пірматовтің орнына Тимур Сүлейменов жайғасты. Ұлттық экономика министрі болған, 4 жыл бойы Президент Әкімшілігінде жұмыс істеген Сүлейменов инфляциямен күреске екі қолын сыбана кіріспек.