Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Су көлігінің дайындығы

c 18:18, 02/05/2019 c 767

0:00 / 0:00

Қазіргі таңда адам тасымалдаумен айналысатын су көліктеріне қойылатын талап көп. Яғни, көлік су айдындарында жолаушыларды тасымалдамастан бұрын, бірінші кезекте техникасын тиісті тексерістен өткізіп, құжаттарын жинақтауы шарт. Сондай-ақ, мамандар құтқаруға арналған кеудешемен құтқару шеңберіне де назар аударуы керек.

Аталмыш талаптардың баршасын орындаған су көліктері ғана жолаушы тасымалдай алатын мүмкіндікке ие. Бүгінгі таңда қала көлемінде 2 кеме адам тасымалдайды. Су көлігінің капитаны техниканы күтіп ұстап, жыл сайын жаңарту жөндеп отырса, ұзақ қызмет жасайды,- дейді. Аталмыш техника 250 адамға арналған. Алайда, мамандар 50 азаматты тасымалдауға рұқсат беріпті.

Сала мамандары өткен жылы су айдандарында апат орын алмағандығын айтады. Алайда, суда техниканы тізгіндейтін мамандар мен қарапайым жолаушылар қауіпсіздікті сақтауға келгенде салғырттық танытатындығын айтады. Яғни, кейбір азаматтар құтқаруға арналған кеудешелерді кимейтін көрінеді. Егер аталмыш факті анықталса, қауіпсіздікке салғырттық танытқан жандардың баршасы жауапкершілікке тартылып, айыппұл арқалайды.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.