Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Су басу қаупі әлі де бар

c 18:00, 29/03/2019 c 516

0:00 / 0:00

Биылғы жылы өңірде қардың мол түсуіне байланысты су тасқыны қаупі туралы аз айтылған жоқ. Облытағы 87 елдімекенді су басу қаупі жоғары аймақта орналасқан. Биыл өзен бассейндерге жақын маңда орналасқан 57 елдімекеннің суға кету қаупі болжанған болса, бүгінге дейін жүргізілген алдын алу жұмыстары арқылы бірқатарына қауіп сейілді. Дегенмен, әлі де 20 шақты елдімекенді су басу қаупі бар. Сондай-ақ «Қазгидромет» келесі аптада қатты жауын-шашын болатынын болжап отыр.
Мамандардың сөзінше, мұзды кесу жарылысқа қарағанда экологиялық және экономикалық тұрғыдан да тиімді. Өңірдегі су тасқыны қаупі сақталып отырған аймақтар - Орал қаласы, Бәйтерек, Тасқала, Қазталов аудандары. Орал шаһарында қар жауып бастаған 2018 жылдың қарашасынан бері коммуналдықтар ұлпаны шығаруда тәулік бойы жұмыс жасаған болатын. Жыл сайын қар төгілетін қос полигон биыл қыстың ортасында-ақ толып, әкімдік қосымша бес қосын ұйымдастырды.
Облыстағы өзендерге судың 80 пайызы Ресей Федерациясынан келетінін де ескеру керек. Қазрігі уақытта көрішелісе Саратов және Орынбор облыстарынан трансшекаралық өзендердің жағдайымен сол өзендердегі су қоймаларының су жіберуі бойынша күнделікті ақпарат алынып отыр.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.