Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Спортшылар спортзалға оралуда

c 19:22, 28/08/2020 c 579

0:00 / 0:00

Азаматтар карантин шектеулерінің бәсеңдеуіне байланысты спортпен шұғылдана алатын мүмкіндікке ие болмақ. Спортшылар да асыға күткен жаттығуларына біртіндеп оралып жатыр. Күшейтілген карантин кезінде ел намысын түрлі байрақты додада қорғап жүрген жандар үйде жаттыққан болатын.

Жаңа талаптарға сәйкес спортзалда жаттығатын спортшылардың баршасы ғимаратқа кіреберісте дене қызуын өлшетіп, санитайзармен қолын дезинфекциялайды. Осындай талаптар барлық спортзалдарда бірдей қолданылады. Жаңа ережелерге сәйкес біртіндеп спорт саласының мамандары жаттығуларын жалғастырып, дайындықтарын бастауда. Дзюдо спортын жанына серік қылған жандар да қызу дайындықтарына кіріскен.

Күшейтілген карантин кезінде барлық спортшылар үйде дайындықтарын жалғастырған болатын. Үйде отырып, спортпен шұғылданып, бабын жоғалтпаған балуандардың бірі-Тоқтар есімді азамат. Ол ел біріншіліктерінде өнер көрсетіп, бас жүлделерді қанжығалап жүр.

Дзюдо спорты олимпиада ойындарына жатады. Сала мамандары боз білемде белдесем деген жас балуандардың саны жыл сайын артып келеді дейді. Бүгінде спортзалда дайындықтарын бастаған спортшылар қарашада өтетін ел біріншілігіне әзірленіп жатыр. Республикалық додада топ жарған саңлақтарымыз Азия мен Әлем біріншіліктерінде өнер көрсетеді.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.