Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Спорт күні

c 17:18, 14/08/2020 c 635

0:00 / 0:00

Бүгін облысымызда "Спорт күні" аталып өтілді. Шара Орал шаһарындағы "Ақжайық" стадионында, ашық аспан астында ұйымдастырылды. Мерекелік шарада облыс әкімі сөз алып, спортшыларды кәсіби мерекелерімен құттықтап, көпке үлгі болып жүрген жандарды марапаттады.

Тұңғыш Президентіміз Назарбаевтың жарлығына сәйкес 2003 жылдан бері тамыз айында спорт күні атап өтіледі. Биыл шара ерекше форматта өтті. Іс-шара "Ақжайық" стадионында ашық аспан астында ұйымдастырылды. Жиында сөз алған облыс әкімі барша спортшыларды кәсіби мерекемен құттықтап, өңір намысын түрлі додаларда қорғап жүрген спортшылардың еңбегін атап өтті. Батыс Қазақстандық спортшылар Жапония астанасында ұйымдастыралатын жазғы олимпиада және параолимпиада ойындарына қатысу үшін лизенциялар ұтып алған.

Мерекелік шара барысында көп жылдан бері спортшылар тәрбиелеп жүрген бапкерлер мен спортты насихаттап жүрген өзге сала мамандары да министрліктің төсбелгімен, облыс әкімі мен басқарма басшысының алғыс хатымен марапатталды.

Еліміздегі эпидемияға байланысты бүгінде облыс аумағында спорттық додаларды ұйымдастыруға болмайды. Сол себепті кейбір спорт түрлері онлайн форматта және қашықтан өтіп жатыр. Спортшылар күнделікті жаттығуларын өз беттерінше орындап, алдағы додаларға дайындалып жатыр.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.