0:00 / 0:00
«Amanat» партиясы премьер-министрдің лауазымына Әлихан Смайыловтың кандидатурасын ұсынды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бұл ұсынысты Парламенттегі алты партияның фракция басшыларымен талқылады. «Ақжол», «Ауыл» және «Respublika» партиялары Amanat-ң ұсынысын қолдаса, Қазақстан халық партиясы қалыс қалып, Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы қарсылық білдірді. Премьер-министрді тағайындау мәселесі мәжілістің жалпы отырысына шығарылып, көпшілік дауыспен Әлихан Смайылов тағы да үкімет басшысы креслосына жайғасты. «Amanat» партиясы премьер-министрдің лауазымына Әлихан Смайыловтың кандидатурасын ұсынды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бұл ұсынысты Парламенттегі алты партияның фракция басшыларымен талқылады. «Ақжол», «Ауыл» және «Respublika» партиялары Amanat-ң ұсынысын қолдаса, Қазақстан халық партиясы қалыс қалып, Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы қарсылық білдірді. Премьер-министрді тағайындау мәселесі мәжілістің жалпы отырысына шығарылып, көпшілік дауыспен Әлихан Смайылов тағы да үкімет басшысы креслосына жайғасты.
Үкімет басшылығына кім келеді?-деген сұраққа нүкте қойылды. Парламентке басым дауыспен өткен «Amanat»- партиясына Премьер-министрдің кандидатурасын ұсыну бұйырғанды. Партия бұл лауазымға Әлихан Смайыловты қайта ұсынды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев үкімет басшысының кандидатурасын талқылау үшін мәжілістегі партия фракцияларының басшыларымен жиын өткізді. Бұл жерді әр фракция басшысы Смайыловтың үкімет басшылыған келуін қолдау- қолдамауын талқыланды. Снх.
Президенттің алдында отырған фракция басшылары өз ұстанымдарын жарыса айтып жатты. «Ақжол», «Ауыл» және және «Respublika» партиялары «Amanat»-ң ұсынысын қолдай кетті.
Ал Қазақстан халық партиясы бұған дейін Смайылов үкіметі әлеуметтік мәселелерді шеше алмағандықтан қалыс қалатындықтарын жеткізді.
МАГЕРРАМ МАГЕРРАМОВ ҚР ПАРЛАМЕНТ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ«Біздің фракция қалыс қалады. Себебі, Үкімет батыл шешімдер қабылдай алмады. Экономикалық, әлеуметтік бетбұрыс жасалмады. Сондықтан қалыс қаламыз»
Өздерін парламенттегі оппозициямыз деп санайтын Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының фракциясы Әлихан Смайыловтың премьер-министрлікке келуіне қарсылық білдірді.
Осылайша, Мәжілістегі алты партияның ойы екіге жарылды. Премьер-министрдің кандидатурасына дауыс беру мәселесі жалпы отырысқа шығарылды. Дауыс беру барысында отырысқа қатысқан 97 депутаттың 82 –і Смайыловтың кандидатурасын жақтаса, 7-і қарсы болды, 8 депутат қалыс қалды. Сөйтіп көпшілік дауыспен Әлихан Смайылов премьер-министрдің тағына қайта жайғасты. Өз кезегінде Президент Тоқаев Смайыловқа инфляцияны тежеп, бағаны реттеуді жүктеді.
Жаңадан тағайындалған үкімет басшысы, өзін қолдағандарға ризашылығын білдіріп, елді қарық қылатын болды.
Премьер министрді тағайындап алдық, ал үкімет құрамының қанша пайызы жаңаратыны әзірге белгісіз.