Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Сіз кімсіз, қайырымды жігіт?

c 18:16, 05/04/2021 c 285

Оралда қара маска киген, кім екені белгісіз, мұқтаж жандарға көмек беруші 24 жасар азамат пайда болды. Бір жылдан аса уақыттан бері жығылғанның жанынан табылып, сүрінгенге медеу боп жүрген жас жігіт өзін таныстыруды жөн санамады. Бір білеріміз ол осы 12 ай ішінде жүздеген адамға қол ұшын созған. Көп жағдайда егде жастағыларға көмек берген. Дәріханаларда қарияларға дәрі-дәрмек алып беріп, зейнеткерлер мен жалғыз басты жандардың, көп балалы аналардың тұрмыстық қажеттіліктерін өтеп беріп қана қоймай, коммуналдық ақыларын да төлеп берген. Ол қайырымдылық ісі үшін ешқандай демеушіден қаражат жинамаған. Айтуынша, жеке шағын кәсібі бар. Алдағы уақытта ол: «бұл игі ісімді жалғастыра берем»,- дейді. Болашақта азамат қатарына өзі сынды жүрегі жылы, мейірімді, пейілі кең, жанашыр азаматтарды тартып, халықтың әлжуаз тобының әл-аухатын жақсартуға мұрындық болуды көздейді.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.