0:00 / 0:00
Ағымдағы жылы финдік инвесторлар шаһарымыздың іргесінде орналасқан күл-қоқыс полигонында өз жұмысын бастады. Шетелдік мамандар 39 жыл бойы қызмет етіп келе жатқан полигонды үш сатылы кезеңде қайта жабдықтап, іске қоспақшы. Жергілікті кәсіпкерлер бірнеше мәрте қатты тұрмыстық қалдықтарға арналған орынды жалға алып, пайда табамыз деп білек сыбана кіріскені бұқара халыққа мәлім. Алайда, уақыт өте келе қоқыстан пайда табамын деп жұмысқа кіріскен бизнес субьектілері сол күйі ізім қайым жоғалып отырды.