Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Шетел көліктері қатаң қадағаланады

c 16:35, 31/10/2018 c 1480

0:00 / 0:00

Енді көлік ағыны ішінен елімізде тіркелген автокөліктермен қатар шетелдерде тіркелген көлік құралдарына бақылау күшейтіледі. Өйткені жыл басынан бері «автоураган» ақпараттық-бағдарламалық кешені арқылы жол ережесін бұзған 633 көлік анықталса, 300 ден аса көлік иесі әкішілік жазаға тартылып, 32 млн. ға жуық айұппұл мемлекет пайдасына өндіріліпті.

Сонымен қатар бүгінгі күні «автоураган» ақпараттық-бағдарламалық кешені арқылы көлік салығын төлемей жалтарып жүрген азаматтарды да құрықтау шаралары қолға алынған. Сала мамандарының айтуынша бүгінде қымбат көлік иелері салық төлеуден жалтаратын көрінеді.

«Автоураган» әр көліктің жылдамдығын, мемлекеттік нөмірі сәйкестігін бірден көрсетеді. Қозғалыс тәртібін бұзғандарды қалт жібермейді. База арқылы борышкерлерді, ұрланған автокөліктерді анықтауға да септігі мол. Мамандар жаңа бейне бақылау жүйесі жүргізушілердің жауапкершілігін арттырып, жол көлік оқиғаларының санын азайтады деген сенімде.

 

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.