Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Шетел асқан ақшаны қайтаратын заң қабылданады

c 08:42, 25/05/2023 c 284

0:00 / 0:00

Қазақстанда сыртқа заңсыз шығарылған активтерді қайтару жөніндегі ведомство құрылады . Парламент Мәжілісіне заңсыз алынған мүлікті мемлекетке қайтаруға қатысты бірнеше заң жобасы келіп түсті.

Атап айтқанда, Мәжіліске "Заңсыз алынған мүлікті мемлекетке қайтару туралы" және "Кейбір заңнамалық актілерге заңсыз алынған мүлікті мемлекетке қайтару мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобаларын жұмысқа қабылдады. Енді депутаттар осы құжат аясында шетел асқан ақшаны қайтару жеделдейді деп отыр.

Қазақстаннан 30 жыл бойы заңсыз шығарылған капитал көлемі 160 млрд долларды құрайды деген ақапарат айтады депутаттар. Дегенмен бұл сома одан көп болуы мүмкін дейді олар. Ал Бас пркуратура бүгінгі таңда мемлекетке ортақ күш-жігермен 760 миллиард теңгеден астам сомаға активтер қайтарылды. Оның ішінде шетелдік юрисдикциялардан 575 миллион доллар бар, - деген ақпарат таратты. Алайды бұл жұмыс баяу жүріп жатыр деген пікір бар қоғамда.Енді шетел асқан қыруар қаржыны тездетіп елге өайтару үшін прокуратура жанынан арнайы мекеме құрылмақ. Ол үшін мәжіліске заңсыз алынған қаражатты қайтаруды қамтитын бірнеше заң келіп түсті.

Магеррам Магеррамов ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты “Заңсыз алынған мүлікті мемлекет меншігіне қайтару туралы" заң жобасы және оған қатысты заң жобалары қолданысқа енгізілгеннен кейін Бас прокуратура құрылымында заңсыз алынған мүлікті қайтару жөніндегі жеке агенттік құрылады, ол осы саладағы уәкілетті органның функциялары. Бұдан бөлек, мемлекетке қайтарылған активтерді жинақтау және басқару мәселелері бойынша арнайы мемлекеттік қор және басқарушы компания құрылады”.

Депутаттың айытуынша, негізгі заң жобасы заңнамалық негіздердің және активтерді анықтау мен қайтаруға қажетті жаңа құралдардың болмауына байланысты активтерді қайтару тетіктерін анықтауға бағытталады.

Жалпы 11 кодекс пен 13 заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізуді көздейді.

Ерұлан Жамаубаев ҚР Премьер-министрдің орынбасары,Қаржы министрі “Осы жұмысты жүргізетін құзырлы мекеме құрылады. Қор құрылады. Ол жеке қазыналық шот болуы мүмкін немесе жеке кәсіпорын болуы мүмкін. Біз қайтарылған қаражатты басқаруымыз керек ғой. 10 адам істейтін мекеме болады. Активтерді қайтару мекемесін қаржыландыру үшін және сонда істейтін қызметкерлерге жалақыны сол қайтарылған активтер еаебіген тағайындаған дұрыс болады деп ойлаймын. Осылайша бюджетке салмақ салмаймыз”.

Бұл қайтарылған активтерді Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыруға бағытталған әлеуметтік және экономикалық жобаларды қаржыландыруға бағыттауға және осы процесте ашықтық пен тиімділікке қолжеткізуге мүмкіндік береді деген сендіреді шенеуніктер мен депутаттар. Лайым солай болғай .

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.