Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Шекарасыз кәсіпкерлік

c 18:10, 08/09/2020 c 300

Нарық және бизнес экономикасы қазіргі кезде елдің әлеуетін анықтайтын негізгі бағыттаушы фактор. Осы тұста кәсіпкерлер жиі кедергілерге тап болады. Олардың көпшілігі сыбайлас жемқорлыққа байланысты. Сондықтан сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру өте маңызды. Көбіне бизнесмендер өздерінің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғай алмай, бюрократияға тап болады. Бүгінде жасанды түрде жасалған кедергілер үшін бес мемлекеттік қызметкер жауапкершілікке тартылды.
Кеден бөлімі, мемлекеттік сатып алу, экология сияқты сала кәсіпкерлері кедергілерге жиі кездеседі. Сондай-ақ қажетсіз тексерістер көп болады екен.
Таяқтың екінші ұшы бар демекші, төтенше жағдайлар қызметкерлері өз кезегінде тексерудің барысы туралы түсініктеме берді.
Тәжірибе көрсеткендей, бизнестегі мәселелердің 90 пайызы жоғары заң шығарушы билікке, өзгерту көп уақытты талап ететін бұйрықтар мен ережелерге байланысты. Бұл арада туындайтын сұрақтар- рұқсат құжаттарына, техникалық шарттарға және жер учаскелерінің болуына байланысты туындайды. Жерге байланысты мәселе көп. Жақын арада жер кодексіне бірқатар өзгерістер енгізу жоспарлануда.
Жағымды жақтары да бар. Батыс Қазақстан облысы бірінші болып жер аукциондарын электронды форматта ұйымдастырды. Сонымен қатар сол шарттарды алу мерзімдерін қысқартуға мүмкіндік туды. Мысалы, егер бұрын электр қуатын беру 30-күннен 60 күнге дейін созылса, енді оны тек 5 күнде жасауға болады. Жақын арада бизнес-жобаларды жүзеге асыруға арналған барлық операцияларды онлайн режимде беру жоспарланып отыр. Ол үшін жеке портал жасалады.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.