Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Шегірткелермен күрес

c 17:30, 07/07/2020 c 632

0:00 / 0:00

Биыл БҚО-да шегірткелер қамтамас үшін 67 мың гектар жерге арнайы улау жұмыстарын жүргізген. Әуелгі жоспар бойынша өңделетін жердің көлемі 74 мың гектарды құрауы керек еді. Сала мамандары бір-жылда бұрын зиянкестер болмаған Сырым, Қаратөбе мен Шыңғырлау аудандарында улау жұмыстарын көбейттік дейді. Бұрындары зиянкестер облыстың оңтүстік аудандарында көп кездесетін.

Карантин талаптарына қарамастан шегірткелермен күресу үшін улау жұмыстары ұйымдастырылды. Биыл жоспар бойынша 74 мың гектар жер өңделуі тиіс еді. Бірақ мамандар 2020 жылы 67 мың гектар жерге тиісті жұмыстарды жүргізіпті. Ал өткен 2016, 2017 жылдары өңделген жерлердің көлемі көп болатын. 2017 жылдары шегірткелер облыстың оңтүстік аудандарында жиі кездескен. Қазір бұрын зиянкестер болмаған Сырым, Қаратөбе мен Шыңғырлау аудандарында тарала бастапты.

БҚО шегірткенің екі түрінің Отаны саналады. Мамандар егер 1 шаршы аумақта 5 шегірткенің түрі кездессе, онда өңдеу жұмыстары ұйымдастырылады дейді.

Мамандар енді Ресейден келетін шегірткелерден қауіптеніп отыр.

Қазіргі таңда сараптама жұмыстары ұйымдастырылып, келер жылы өңделуі тиіс жерлерді анықтап жатыр.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.