Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ШАРУАЛАРҒА ЖЕР КЕРЕК

c 12:56, 16/02 c 35

0:00 / 0:00

Ауыл шаруашылығын дамыту үшін шаруаның жағдайын қамту керек. Дамыған елдерге қарағанда Қазақстанда ауылды жердерде шаруасын өрбітіп отырған фермерлер көп. Бірақ ауыл шаруашылық өнімдерінің 40 пайызы сырттан әкелінеді. Ауыл шаруашылық өнімдерін өндіру көлемін арттыру үшін фермерлерге миллиардттаған субсидия бөліп жатырмыз деп жоғарғы жақ ауыз толтырып ақпарат беріп жатады. Ал шаруалар болса малын жаятын жайылым жерлерге зәру. Ауыл халқының бас ауруына айналған жайылым мәселесін үкімет қалай шешпек? Еліміздің 17 аймағында жайылым жерлердің тапшылығы орын алып отыр. Қазір мемлекет игерілмей жатқан жерлерді қайтарып алу мерзімін екі жылдан бір жылға қысқартты. Шенеуніктер жер мәселесін реттеп жатқанда, жайылым жерге қол жеткізе алмай отырған ауылдықтар мал басын қысқартуға мәжбүр. Себебі, ауыл маңындағы жерлер кезінде билікке жақындығы бар тұлғаларға оңды-солды сатылып кеткен. Енді шаруалар малын жая алмай қиналып жатыр. «Жайылым жерлер туралы» заң жобасын мақұлдаған сенаторлар, енді жер конкурс арқылы беріледі деп отыр.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.