Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Шаруалар қасқырды тірілей ұстап алды

c 15:32, 17/02/2022 c 512

0:00 / 0:00

Батысқазақстандық шаруалар қасқырды тірілей ұстап алды. Қыстаққа жиі келгіштей берген түз тағысы малға шаба ма деп уайымдаған ауылдықтар оны ақыры қолға түсіріпті.Жаны қысылған түз тағысы шаруалардан айласын асырып, бір рет қашып құтылған. Бірақ соңынан қуған жігіттер көп ұзатпай қолға түсіріп, байлап-матап қойыпты. Дегенмен қасқырдың бұдан кейінгі тағдыры белгісіз. Облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының дерегінше, биыл өңірде 196 қасқыр аулауға рұқсат берілген. Ал қасқырды тірідей қолға түсірген шаруалардың аң аулауға рұқсаты бар болып шықты. Заңсыз аң атқандарға салынар айыппұл 5 айлық есептік көрсеткіш көлемінде. Мамандардың дерегінше, Батыс Қазақстан облысында мыңға тарта  түз тағысы бар.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.