Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Сенбілік жалғасады

c 17:16, 03/04/2019 c 777

0:00 / 0:00

Облыс басшысының тапсырмасына орай Орал қаласы әкімдігі 30 наурыз бен 18 мамырға дейін тазалық айлығын жариялаған болатын.  Бүгін Орал қаласы әкімі Мұрат Мұқаев  шаһардағы кәсіпкерлік субъектілері мен мекеме-ұйым басшыларын және ПИК жетекшілерін жинап, қала бойынша жарияланған санитарлық тазалық айлығына белсене қатысуға шақырды.  Тазалық шарасын жүргізуге мемлекеттік ұйымдар, коммуналдық мекемелермен қатар өнеркәсіп, өндіріс, құрылыс кәсіпорындары мен сауда үйлері, сауда ойын-сауық орталықтары және банктер де жұмылдырылады. Жиын барысында осы салаларға бекітілген тазалау аймақтары таныстырылды. Бірінші кезекте қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға мән беруіміз керек. Меншік түріне қарамастан барлық мекемелерді қала тазалығына атсалысуға шақырамын, – деді Мұрат Рахметұлы. Оған қоса  кәсіпкерлер өздерінің нысандарына тиесілі аумақтың тазалығына жауапты. ҚР «Әкімшілік-құқықбұзушылық туралы» Заңының қалалар мен елдi мекендердiң аумақтарын абаттандыру қағидаларын бұзу, сондай-ақ қалалар мен елді мекендер инфрақұрылымы объектілерін бұзу, жасыл екпелерін жою және бүлдіру 505-бабына сәйкес, тазалыққа жауапсыз қарағандар ескертуден бастап, 100 АЕК мөлшерінде айыппұл төлеуге мәжбүр болады. Жиынға қатысушылар өз ұсыныстарын ортаға салып, санитарлық тазалау айлығына белсене қатысатындарын жеткізді

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.