Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Сенат сайлауы

c 16:39, 12/08/2020 c 597

0:00 / 0:00

Орал қалалық мәслихатының депутаты Ләззат Рысбекова Қазақстан Республикасының Парламент Сенатының депутаты болып сайланды. Сайлау бүгін Жәңгір хан атындағы Батыс-Қазақстан аграрлық-техникалық университеті ғимараты аумағында жасақталған учаскіде өтті. Су жаңа сайлаған сенатор енді 6 жыл бойы қызмет жасайды.

Президенттің жарлығына сәйкес парламент сенаты депутатының сайлауы өтті. Сенаторлыққа 5 кандидат өзін ұсынып, 3 азамат додоға түсті. Болашақ сенаторларды облыстық, қалалық және аудан мәслихатының депутаттары сайлады.

Сайлауда 70 пайыз мәслихат депуттарының қолдауымен Рысбекова Ләззат Тұяқбайқызы жеңіске жетті. Қос үміткер яғни Ақылбек Аманғалиев -30 дауыс, Ғалым Бекқалиев -24 дауыс қолдауға ие болды. Жалпы сайлауға 183 депутат қатысып, дауыс берді.

Су жаңа сенатор депутаттық мерзімі аяқтала келген Ерболат Мұқаевты алмастырады. Бұған дейін, 2017 жылы мәслихат депутаттары Нариман Төрағалиевті сайлаған болатын. ҚР сенат депутаты 6 жылға сайланады.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.