0:00 / 0:00
Орталық сайлау комиссиясы Сенат сайлауының түпкілікті қортындысын жариялады. Республиканың 20 өңірінен 20 мандатқа 55 кандидат дауысқа түсті. 3167 таңдаушының 2904 немесе 91,7 пайызы дауыс беруге қатысты. Осылайша, Парламент сенатының құрамы нақты 16 депутатқа жаңарды. Қалған 4-і төртеуі қайта сайланды.
Сенат сайлауы халықтың таңдауымен емес, маслихаттың сайлауымен өтсе де қазынадан қомақты қаржы жұмсалды. Орталық сайлау комиссиясының мәліметінше, жоғарғы палата депутаттарын сайлауға бюджеттен 369 миллион теңге бөлінді.
14 қаңтарда өткен Парламент Сенаты сайлауының түпкілікті қорытындысына сәйкес, 20 аймақтан 20 депутат сайланды. Айта кету керек, депутат мандатына ие болғандардың 16-ы су жаңа депутат болып табылады. Қалған төртеуі бүгінгі сенатор қайта сайланып отыр. Сайланған 20 депутаттың үшеуі – әйел, 17-сі ер адам. Орташа жасы – 54 жас. Сайланған барлық 20 депутаттың да ұлты қазақ. Сайлау заңының талабына сәйкес, сенат депутаттыңына 5 жылдық жұмыс тәжірибесі бар азамат түсе алады. Мемлекеттік қызметте боулы міндетті емес. Алайда, бұл сайлауда қоғамдық ұйым өкілдеріне депутат болу бұйырмапты.
ОСК жаңа сайланған депутаттардың бұған дейін қандай қызметте істегендіктерін де атап өтті. Мәлім болғандай, олардың бәрі мемлекеттік қызметте жұмыс істегендер. Оның ішінде қазіргі депутаттар, маслихат хатшылары, облыс әкімдерінің орынбасарлары, аудан әкімдері, мемлекеттік орган қызметкерлері, оқу орнының басшысы, басқарма басшысы бар.