Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Саяжайда ұрлық азаймай тұр

c 17:49, 16/03/2021 c 503

0:00 / 0:00

2020 жылы Батыс Қазақстан облысында саяжайда 90 ұрлық тіркелген. Бұл туралы Полиция қызметкерлері мәлімдеді. Бұл тек құзырлы мекемеде тіркелген мәлімет. Саяжайында мал-мүлкінен айырылған жандардың қарасы одан да көп болуы мүмкін.

2021 жылдың екі айында Облыста 300-ден астам ұрлық-қарлық тіркелген. Қылмыстың 202сі ізі суылмай ашылған. Сала мамандары қылмыстың дені саяжайларда тіркелетінін айтады. Биыл 10 ұрлық осы саяжайда тіркелген. Құқық қорғаушылар 6 қылмысты ашқан. Саяжай қауымдастығының өкілдері тұрғындар көбіне салғыр салақтан танытып, мүлкін қорғау үшін тиісті шараларды қабылдамайды,- дейді.

Баукеспелер қолға іліккен дүниенің бәрін қолды қылады. Мамандар мал-мүлікке жауапкершілікпен қарауға шақырады. Саяжайлардағы ұрлықпен бейнебақылау құрылғылар көмектеспек. Алайда, қыруар қаржы жұмсап, құрылғыны орнатуға барлық тұрғындар келісім бермейді.

Бүгінгі таңда Орал қаласының аумағында 154 саябай қауымдастығы бар. Полиция қызметкерлері осы саяжайда ұрлыққа баратын баукеспелер қылмыстық топ болып жұмыс жасайтынын айтады. Өткен жылы 8 топ құрықталып, 40 қылмысқа қатысы бар анықталыпты. Қазіргі таңда осы баукеспелердің үстінен қылмыстық іс қозғалған.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.