0:00 / 0:00
Жаңа Қазақстанды құру үшін саяси және экономикалық реформа енгізілмек. Қазақстанның Конституциясына өзгерістер енгізіліп, жаңа заңдар қабылданбақ. Бәрі жаңарады. Президенттік басқарудан, Парламенттің рөлі күшейіп, сайлау жүйесі жаңарып, әкімдерді тағайындау үрдісі де өзгермек. Саяси трансформация бүкіл салада тамыр-таныстық пен монополияны түбірімен жойып, адал әрі әділ "ойын ережесін" қалыптастыруды көздейді. Алдымызда Парламенттің рөлін күшейту міндеті тұр. Бұл "халық үніне құлақ асатын мемлекет" тұжырымдамасын табысты жүзеге асыруға жол ашады. Жаңа Қазақстанды азаматтық қоғамы қалыптасқан тиімді мемлекетке айналдырамыз. Осыған орай "Күшті Президент - ықпалды Парламент - есеп беретін Үкімет" қағидатын басшылыққа аламыз. Бүгін мен осы стратегиялық мақсатымызға жетуге мүмкіндік беретін бірқатар бастамаларды ұсынамын деді Президент Қазақстан Халқына арнаған Жолдауында.
Стендап.
Халық көптен күткен Жолдауда саяси реформа көбірек қамтылған. Мемлекет басшысы жаңаруды Президенттік басқару институтынан бастады. Президенттің бірқатар өкілеттілігі қысқармақ.
Осыған дейін де хабарланғандай Тоқаев жыл соңына дейін «Аманат» билік партиясынан шығады. Енді ел басшылыған келген тұлға қандай да бір партияда мүше болмауы керек. Бұл ұсыныс заңмен бекітіледі.
Енді билік басына келген Президент лауазымды қызметке туған-туыстарын тарта алмайтын болады.
Президенттің Сенаттағы квотасы 15-тен 10 депутатқа дейін қысқармақ. азайту туралы шешім қабылдадым. Оның бесеуін Қазақстан халқы Ассамблеясы қазіргідей сайламайды, тек ұсынатын болады.Осылайша Мәжілісте Ассамблеядан сайланған депутаттар болмайды. Тиісінше төменгі палатадепутаттарының саны 9-ға қысқарады. Сондай-ақ, Есеп комитетінің орнына Жоғары аудиторлық палата құрылып, оның төрағасы Мәжіліс депутаттары алдында жылына екі рет есеп беріп, Мәжілістің мәртебесі артады. Сайлау заңына да өзгеріс енеді. Парламент Мәжілісіне енді тек партиялық тізіммен ғана емес, әр өңірден можаритарлық үлгіден депутаттар сайланатын болады.
Саяси бәсекені қамтамасыз ету үшін партияларды тіркеу рәсімі едәуір жеңілдейді. Тоқаев тіркеу шегін 4 есеге - 20 мыңнан 5 мың адамға азайтуды ұсынды. Тағы бір жаңалық- Қазақстанда енді 17 емес, 20 өңір болады. Президент республикада тағы үш облыс құрылатынын айтты. Семей Өскеменнен бөлініп, Абай облысы болып құрылады. Орталығы Семей қаласы болады. Жезқазған өңірі Ұлытау облысы болып қайта жаңғырады. Алматы облысын екіге бөліп, Жетісу және Алматы облыстары құрылады.
Осылайша Президенттің жолдауындағы бастамаларды жүзеге асыру үшін Үкімет пен Парламенттің алдында жұмыс көп.