Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Сауда үйі өртенді

c 15:41, 05/01/2020 c 662

0:00 / 0:00

Оралдағы орталық базар маңындағы «Азиза» сауда үйінен өрт шықты. Оқиға 4 қаңтар күні болған. БҚО Төтенше жағдай департаментінен түскен мәліметке сүйенсек, Құрманғазы көшесі 69 мекенжайында орналасқан «Азиза» сауда үйінен өрт шыққаны туралы хабар кешкі сағат 21.27-де түскен.Сауда үйіндегі пластикалық қабырғалы бутиктің бірі өртеніп, жалын 50 шаршы метр аумақты шарпыған. Тілсіз жауды ауыздықтауға 10 техника мен жеке құрамнан 32 адам жұмылдырылған.Өрт сағат 22.43-те сөндірілген. Құтқарушылардың айтуынша тілсіз жау басталған сәтте сауда үйіндегі дабылқаққыш автоматты түрде іске қосылған. Өрттің шығу себебі әзірге анықталуда. Бүгін сауда үйінде қалыпқа келтіру шаралары жүргізілуде.
Абырой болғанда тірі жанға зиян келмеген. Құтқарушылар биылғы жаңа жылдың тыныш өткенін айтады.

 

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.