Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

«САМҰРЫҚ-ҚАЗЫНА» ҚОРЫНДАҒЫ БЫЛЫҚТАР

c 22:07, 29/04/2022 c 1558

0:00 / 0:00

Самұрық-Қазына әл-ауқат қорының сатып алу жүйесіндегі өзгерістер косметикалық сипатта деп сынады сенатор Еділ Мамытбеков. Депутат қордағы сатып алу рәсіміне қатысты үкіметке сауал жолдады. Оның айтуынша, Президенттің тапсырмасымен Самұрық-Қазына қорында сатып алудың жаңа тәртібі әзірленгенімен, қор бір көзден сатып алу әдісінен ауытқымаған.
Еске сала кетейік, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев активі елдің ішкі жалпы өнімінің 60 пайызын құрап отырған “Самұрық-Қазына” әл-ауқат қоры мен өзге ұлттық компаниялардың жұмысында да көп нәрсе айқын емес деп сынаған болатын. Қазір қордың құрамына 300 аса компания кіреді. Оның активтері 69 млрд долларды құрайды. Алайда, халықтың әл-ауқатын жақсартуға арналған аталмыш қор өз міндетін тікелей атқарып жатыр деп айту қиын. Тіпті мемлекет басшысы қордың жұмысын сынай келе, “Самұрық Қазына” қорын қайта құру мүмкін болмаса, ел экономикасына мұндай құрылым қажет емес” деген еді. Президенттің тапсырмасы бойынша аталмыш қор сатып алудың жаңа тәртібін әзірлеген. Алайда, сенаторлар қор бір көзден сатып алу әдісін әлі де қолданып отыр дейді. Жаңа тәртіп әділ бәсекелестіктің негізгі ұстанымдарын жоққа шығаруда.

ЕДІЛ МАМЫТБЕКОВ – ҚР ПАРЛАМЕНТ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ «Үкімет мәселені осы қалпында қалтырса, біз бизнестің сенімін жоғалтамыз. Қазақстандық кәсіпкерлер үшін әділ бәсеке, ашықтық болмайды.Бизнес өкілдері Президенттің тапсырмасынан кейін сатып алу саласында жаңа демократиялық қағида сипатында сапалы өзгерістер күткен болатын. Бірақ қордың сатып алу жүйесіне қатысты жария еткен өзгерістер косметика мен бутафория болып шықты».

Сенатор 2022 жылғы 1 сәуірде күшіне енген жаңа ережелерде холдингішілік кооперация аясында сатып алу әдісі алынып тасталғанын атап өтті. Дегенмен, ол жұмыстар мен қызметтер тізбесі кеңейтіліп, бір көзден сатып алуға ауыстырылған болып шықты. Кооперацияның холдинг ішіндегі сатып алуы 2021 жылы сатып алудағы жалпы көлемнің 25%-ын құрады. Қордағы барлық сатып алу көлемі 3,4 трлн теңгені құраған болатын. Бұл ретте сатып алу көлемінің тек 18%-ы ғана ашық тендерге шығарылды. Ал Қордың портфельдік компанияларының 2020-2025 жылдарға арналған жылдық және ұзақ мерзімді сатып алу жоспары мониторинг қорытындылары бойынша бәсеке позициядағы сатып алу холдингішілік кооперация арқылы да жоспарланатыны белгілі болды. Әрине, содан кейін бәсекелестік ортаны кеңейту мен дамытуды көздейтін өзгерістер қайда деген сұрақ туындайды, – дейді депутат Мамытбеков. Сенаторлар сатып алулардың ашық жүруін міндеттеу керек деп отыр.

ЕДІЛ МАМЫТБЕКОВ – ҚР ПАРЛАМЕНТ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ «Егер қор мұны өз еркімен жасағысы келмесе, сатып алуды ашық өткізуге міндеттеу керек. Сатып алуды бақылайтын комисися құрып, оның құрамына депутаттарды, есеп комитеті қызметкерлерін және жемқорлықпен күрес агенттігі өкілдерін кіргізу керек»

Еділ Мамытбеков Үкімет басшысы Әлихан Смайыловтан осы жағдайға жіті назар аударуды сұрады. Өйткені қордың әділ бәсекелестік пен бизнестің теңдігі қағидаттарын бұзатын сатып алу нормалары алынып тасталмаған.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.