Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

САЛТАНАТТЫҢ АНТЫ

c 11:02, 10/04 c 125

0:00 / 0:00

Әйелін өлтірді деп айыпталып жатқан экс-министр Қуандық Бишімбаевтың соты қоғам назарында. Сот отырысы тікелей жаряиланып жатқандықтан қазақстандықтар бұл процесті қалт жібермей қарап отыр. Бишімбаевқа қатысы аса қатыгездікпен кісі өлтірді деген айып бойынша жүріп жатқан сот ісінде оның марқұм Салтанатты қалай ұрып-соққаны жайында бейнетүісірілімге де куәі болдық. Бұған дейін Салтанаттың ұялы телефонындағы жеке жазбалар жария етілсе, енді бүгініг отырыста марқұмның күйеуіне берген анты мәлім болды. Сотталушының адвокаты Ерлан Ғазымжанов Қуандық Бишімбаевтың блокнотына жазылған жазбаны оқыды. Онда марқұм Салтанаттың күйеуі Қунадыққа берген анты жазылған.

ЕРЛАН ҒАЗЫМЖАНОВ – СОТТАЛУШЫНЫҢ АДВОКАТЫ «Мен, Салтанат Нүкенова, Қуандыққа деген сенімді қалпына келтіруге уәде беремін. Оған сенемін, қызғанбаймын деп уәде берем. Психологқа үнемі баруға, өзіммен жұмыс істеуге уәде етем. Мен шын жүректен, мойынсұнып, Қуандықты құрметтейтін болам. Отбасы ошағын қорғайтын, сүйіспеншілікке толы әрі қамқор әйел болам. Боқтамаймын, әңгіме шығармаймын. Егер сондай жағдай болса, түсіністікпен қараймын әрі өзімді ұстаймын, ант етем».

Одан әрі «Мен оның пікіріне сенем әрі ол маған жақсылық тілейді деп сенем. Мен сүйікті Қуандыққа қамқорлық жасауға, құрметтеуге, әрқашан қолдау көрсетуге міндеттенемін. Мен Қуандықпен бірге намаз оқимын, санаммен жұмыс істеймін, рухани өсем әрі Алланың көмегімен үйім мен махаббатымызды қорғаймын», - делінген хатта.Бишімбаевтың блокнотына жазылған хатқа судья Айжан Құлбаеваның өзі таң қалды.

АЙЖАН ҚҰЛБАЕВА - СУДЬЯ «Әйелі күйеуіне осындай міндеттеме алатынын жазған ба? Мұны қалай түсінуге болады? Әйелінің күйеуіне осындай хат жазғанын бірінші рет естіп отырмын».

Өздеріңізге мәлім, мұның алдында Бишімбаев ес-түссіз жатқан Салтанатқа жедел-жәрдем шақырудың орнына балгерге жүгінгенін айтқан еді.

Бишімбаев өзіне тағылып отырған аса қатыгездікпен өлтірді деген айыпты тағы да мойымдамады. Сотталушы "оның өліміне кінәлімін, мен кінәмді сеземін. Бірақ оның өліміне кінәм бар екенін, мен мойындаймын. Менің әрекеттерім оның өліміне себеп болды, өлімге әкелді. Мен қатты өкінемін, кінәмді сеземін. "-деді.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.