Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Салтанатты шара

c 16:23, 29/11/2019 c 1336

0:00 / 0:00

Батыс Қазақстандықтар жастар жылын қорытындылады. Мұз айдынында ұйымдастырылған шарада Қазақстан халқының ассамблеясының 25 жылдығы да аталып өтті. Салтанатты шарада президент Тоқаев бекіткен "Волонтерлар" жылы да өз бастауын алды.

Осыдан ширек ғасыр Қазақстан халқы Ассамблеясы өз жұмысын бастады. Ассамблеяның негізгі миссиясы: түрлі ұлт пен ұлыстың тату-тәтті өмір сүруін қамтамасыз ету. Қазір БҚО-да 86 этностың өкілі бар.

Биыл Елбасының тапсырмасымен "Жастар жылы" деп бекітілді. 2019 жыл мемлекеттік жастар саясатын орындау үшін 500 млн теңгедей қаражат бөлінген. 7000 батыс қазақстандық жас жұмыспен қамтылыпты. "Жас кәсіпкер" бағдарламасы 1000-ға жуық батыс қазақстандық кәсіпкерліктің қыр-сырын меңгеріп, 251 млн теңгені құрайтын 500 грант алған. Ал, "Дипломмен ауылға" бағдарламасы аясында 645 жас маман көтерме жәрдемақыға ие болған. 461 азамат баспана алуға несие рәсімдеген. Жастар жылының жалғасы ретінде келесі "Волонтерлар жылы" деп бекітілген болатын.

Шетелде волонтер болып қызмет жасап, қоғамға пайдасын тигізіп жүрген жандардың қатары қалың. Бұл үрдіс енді-енді біздің елімізге келіп жатыр. Қазір БҚО-да 57 волонтерлық ұйым бар. Олардың құрамында 10 мың ерікті бар.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.