Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

САЙЛАУДЫҢ АЛДЫН АЛА НӘТИЖЕСІ

c 18:02, 21/03/2023 c 142

0:00 / 0:00

Орталық сайлау комиссиясы Парламент Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауының алдын ала нәтижесін жариялады. Мәлім болғандай, Мәжіліс сайлауына қатысқан 7 партияның алтауы өтіп тұр. Сайлаушылар дауысының 5 пайызынан көп жинаған саяси партия Мәжіліске өте алатынын еске салғымыз келеді. Сонымен, Amanat партиясы – 53,90 %, «Ауыл» халықтық-демократиялық партиясы – 10,90%, Respublica партиясы – 8,59%, Қазақстан халық партиясы – 6,80% даусы жинаса, «Байтақ» жасылдар партиясы – 2,30% ғана даусықа ие болды. Ал «Ақ жол» партиясы – 8,41% дауыспен өтті. Жалпыұлттық социал-демократиялық партия сына 5,20% дауыс бұйырды. Бюллетеньдегі «Бәріне қарсымын» - бағанын сайлаушылардың 3,90% таңдаған.

Орталық сайлау комиссиясының мәліметіне сай, бұл додада алты саяси партияға Мәжілістен орын бұйыратын болды. Бұрынғы, «Amanat», « Ақжол», Қазақстан халық партияларының қатарын үш партия толықтырып отыр. Олар -жаңадан құрылған Respublica жастар партиясы мен 10 жылдан артық парламентке өте алмай жүрген Жалпыұлттық социал демократиялық партиясы және Ауыл партиясы. Комиссия төрағасы бірмандатпен депутаттыққа таласқан үміткерлердің де аты-жөнін тізіп шықты. Елге танымалы -Дәулет Тұрлыханов, Ермұрат Бәпи, Дәулет Мұқаев, Абзал Құспан, Нұртай Сәбильянов бастаған 29 кандидатқа мандат бұйырды. Өздеріңізге мәлім, сайлау күні өрескел заң бұзушылықтаға жол берілді. Дауыс беру бюллетеньдерін бумалап жәшікке салып жатқандардың әрекеті әлеуметтік желіде кең тарады. Орталық сайлау комиссиясының төрағасы бұл мәліметті жоққа шығара алмады. Сайлау кезінде бүкіл отбасы үшін дауыс беру деректері де тіркелді.

Бас прокуратура өкілі орын алған бұзушылықтарға қатыстылар жауапқа тартылуда. Жалпы 40 бұзушылық орын алды.

Үміткерлердің сенімді өкілдері жолдаған бейнежазбаларда сайлау күні орын алған бұзушылықтарға қатысты Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров өз жауапкершілігін сезіне ме? Төраға бұл сұрағымыздан ат басын ала қашты.
Ал комиссия мүшесі Шавкат Өтемісов бұл сайлауда әділетсіздікке жол берілген жоқ деп есептейді. Ол аталған бұзушылықтар бойынша прокуратураның хаттамасын күте тұурды сұрады.

Сонымен сайлаудың алдын ала нәтижесі белгілі болды. Орталық сайлау комиссиясының мәліметінше, елімізде өткен сайлауда 6 366 441 адам өз таңдауын жасаған. Бұл сайлауда даусы беруге құқылы 12 миллионнан астам азаматтың жартысы.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.