Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Рухани жаңғыру

c 17:15, 24/01/2019 c 840

0:00 / 0:00

2017 жылы Елбасы барша Қазақстандықтарға арналған "Болашаққа бағдар-рухани жаңғыру" мақаласын жариялады. Жаңа мақала қазақ қоғамы үшін ауадай қажет болған кезде жарық көрген еді. Бүгінгі таңда нақты іс-жоспары бекітілген бағдарламалық-мақаланың нәтижесін көруге болады. "Болашаққа бағдар-рухани жаңғыру" мақаласының арқасында әлемнің үздік 100 оқулығы қазақ тіліне аударылады. 2018 жылдың 12-сі сәуірінде мемлекеттік тілге аударылған 18 кітаптың таныстырылымы өткен еді.

Сондай-ақ, еліміз бойынша "Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық" атты бағдарлама қолға алынғаны мәлім. Өткен жылы 18 кітаптың тұсаукесері болып, еліміздің барлық дерлік жоғарғы оқу орындарына тегін таратылды. Ал, биылғы жылы тағы отыз оқулық мемлекеттік тілге аударылмақ.
"Рухани жаңғыру" бағдарламасының аясында көп жылдан беру назардан тыс қалып жүрген ауыл-аймаққа, туған жерге көңіл бөлініп, жоқ-жітігін түгендеуге арналған жұмыстар іске аса бастады. Атымтай жомарт жандар туған жеріне әлеуметтік нысандар тұрғызып, балаларға арналған спорттық- алаңқайларды жабдықтап, халықтың алғысына бөленіп жүр. Бұл, үрдістен батысқазақстандықтар да қалыс қалмады. Елбасының тарихи мақаласынан соң, облыс орталығында "Рухани жаңғыру" мұражайы ашылған еді. Тәуелсіздіктің торқалы тойында өз есігін айқара ашқан музейде 180 құнды экспонат қойылған. Төрт залдан тұратын мұражайда облыс киелі жерлері картасы да жасақталып, оның тарихымен танысуға болады.

Елбасы жолдаған мақаланың мән-маңызы айтылып, оның орындалу барысына қанығып жүрміз. Тіл жанашыры, профессор Мұрат Бөкенбайұлы рухани құндылықтарды насихаттай бағытында бірқатар жұмыстар атқарылып жатыр,- дейді. Десек те, өскелең ұрпаққа қалдыратын мұра, кітап басу ісі өңірімізде кенжелеп келе жатқандығын тілге тиек етті.

"Рухани жаңғыру" мақаласы қас қағым сәтте дамып жатырған жаһандану заманында жұтылып кетпей, ұлттық болсымызға мән беріп, келешекке ұрпаққа мұра қалдыратын, рухани құндылықтарды түгендеп, оны дамыту үшін керек екендігі даусыз. Екі жыл бойы қазақстандықтардың санасын жаңартып, руханиятына бет бұрғызған мақаланың заңды жалғасы өткен жылы "Ұлы даланың жеті қыры" атты мақаласы жарияланды.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.