0:00 / 0:00
Ұлттық банктің 15 тамыздағы ресми бағамы – 1 долларға 448,55 теңге, ал Ресей рублі үшін – 4,42 теңгені көрсетіп тұр. Алматыдағы ақша айырбастау орындарында рубль 4,4–4,7 теңге аралығында, Астанада 4,4-4,55 теңге аралығында сатылып жатыр. Осылайша рубль өткен аптадан беру арзандауда. Рубльдің құдырауы Қазақстан экономикасына қалай әсер етеді? Бұл сұраққа бас қаржыгер Ерұлан Жамаубаев жауап берген еді.
Көрші Ресейде орын алып отырған жағдайға қарамастан рубльдің долларға шаққандағы бағасы 50 –ге дейін жеткен еді. Алайда Украинамен арадағы қақтығыстан соң, Ресейге салынып жатқан сансыз санкциядан көрші ел импортсыз қалды. Яғни импорт көлемі құлағанда, елден валюта кетеді. Бірақ ол экспорт есебінен толықтырылады. Егер шетелдік валюта жиналып қалса, оған сұраныс та төмендейді. Бұл жағдайда теңге тәуелсіздігін көрсетіп тұр. Бұрын Ресеймен сауда үлесі тым көп болғандықтан теңге рубльге тәуелді болатын. Қазір Ресей рублі құнын жоғалтып жатыр. Бұған дейін есімізде рубль арзандағанда қазақстандықтар жаппай көрші елден тауар түрлерін, автокөлік сатып алғанды. Осылайша көрші елдің экономикасына қыруар қражы құйылды. Бұл жолы да жағдай қайталанып, ел экономикасына кесірін тигізбей ме? Қазақстандық шенеуніктер рубльдің құдырауы еліміздің экономикасына әсер етпейді деген сенімде.
Бас қаржыгердің айтуынша, қазір Қазақстанға Еуразиялық экономикалық одақтан келетін импорт көлемі азайған.
Ресей рубліне қатысты мәселе Қазақстан үшін қашанды маңызды фактор болып келді. Себебі, көрші ел біздің дәстүрлі және ірі экономикалық әріптесіміз. Экономикамыз бір-бірімен байланған. Экспортта, да импортта да Ресейге тәуелдіміз. Экономистердің өзі ресей рублі теңгенің қозғалысын реттеп отырады деген пікірлерімен де бөліскенді. Алайда, Украина мен Ресей арасындағы қақтығыстан соң жағдай өзгерді дейді сарапшылар.