Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

РЕВАКЦИНАЦИЯ 22 ҚАРАШАДА БАСТАЛАДЫ

c 10:20, 11/11/2021 c 992

0:00 / 0:00

Қазақстанда коронавирусқа қарсы екпе қайта екпе жасау қарашаның 22-і күні басталады. Бүгін өткен үкіметтің селекторлық отырысында Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой ревакцинация 22 қарашадан бастап екі кезеңде жүзеге асырылатынын хабарлады. Бірінші кезекте тәуекел тобындағы адамдарды вакцинациялау үшін биыл жыл соңына дейін алғашқы екпе алған мерзімін ескере отырып, медицина қызметкерлері, педагогтар, медициналық-әлеуметтік мекемелердің, жабық балалар мекемелерінің қызметкерлері, әлеуетті құрылымдардың қызметкерлері қайта екпе алады.Сондай-ақ, қарашаның 15-не дейін елге Pfizer вакцинасы жеткізіледі. Бұл екпе 12-18 жас аралығындағы балаларға, жүкті әйелдерге салынады.
Денсаулық сақтау министрінің айтуынша, қазақстандықтардың 41 пайызы коронавирусқа қарсы вакцина салдырды. Елде эпиджағдай тұрақтала бастады. Бүгіннен бастап Қазақстан «жасыл» аймаққа өтті. Дегенмен, бұл індеттің беті қайтты деген сөз емес дейді дәрігерлер. Себебі, көптеген елдерде, әсіресе көрші Ресейде қауіпті індет қайта өршіп тұр. Ал біздің денсаулық сақтау министрлігі осы жылдың соңына дейін 11 миллионнан астам адамға екпе салдыруды жоспарлап қойған. Әзірге екпе салдырғандар саны 8 миллионның үстінде. Енді 22 қарашадан бастап елде ревакцинация науқаны басталады. Қайта егуден алғашқы болып тағы да сол мұғалімдер, дәрігерлер, полицейлер мен әскерилер өтпек.

АЛЕКСЕЙ ЦОЙ – ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРІ «Ревакцинация 22 қарашадан бастап екі кезеңде жүзеге асырылады. Бірінші кезекте тәуекел тобындағы адамдарды вакцинациялау үшін биыл жыл соңына дейін алғашқы екпе алған мерзімін ескере отырып, медицина қызметкерлері, педагогтар, әскерилер мен полицейлер қайта екпе алады. 60 жастан асқан адамдардың, сондай-ақ өз бетінше тест тапсырған және коронавирусқа антиденелері теріс тест нәтижесін көрсеткендердің белгіленген мерзімдерін есепке алмай, ревакцинацияға жіберіледі».

Сондай-ақ, Цой қоғамды алаңдатып отырған-балаларды вакцинациялау мәселесі де жақын арада басталатынын айтты. Қараша айының 15-не дейін елге Pfizer вакцинасы жеткізіліп, балалар мен жүкті әйелдерге екпе салу науқаны басталмақ.Министрдің сөзіне сенсек, балаларға мәжбүрлеп екпе салынбайды. Тек ата-анасының рұқсатымен ғана жасалады.

АЛЕКСЕЙ ЦОЙ – ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРІ"15 қарашаға дейін елге Pfizer вакцинасының 379 мың дозасы әкелінеді. Ол баллаар мен жүкті әйелдерге салынады. Балаларға вакцина салу науқаны білім ордаларында және екпе салу пунктерінде жүргізіледі. Ата-аналарға алдын-ала хабарланып, рұқсат алған жағдайда ғана екпе жасалады»

Жалпы Pfizer екпесінің 4 миллион 230 дозасы сатып алынды, бұл 2 миллионнан астам адамды қамтуға мүмкіндік береді деп отыр бас дәрігер. Pfizer вакцинасын сақтау үшін 16 өңірге 34 бірлік тоңазытқыш сатып алынған. Сонымен қатар, қосымша 51 тоңазытқыш сатып алынды, оны қарашаның соңына дейін өңірлерге жеткізу жоспарланып отыр.

Әзірге қазақстандықтарға індеттен сақтану үшін тағып жүрген маскамен қоштасу ерте. Мамандар халықтың 80 пайыз вакцина салдырған жағдайда ұжымдық иммунитет қалыптасады деп отыр.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.