Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

РЕСЕЙЛІК САРАПШЫЛАРДЫҢ ПІКІРІНЕ НЕ АЙТАМЫЗ?

c 09:25, 24/11/2022 c 1165

0:00 / 0:00

Көрші Ресейде тағы да Қазақстанға қатысты келеңсіз әңгіменің шеті шығып жатыр. Ресейдің федералдық "Россия 1" телеарнасындағы "Вечер с Владимиром Соловьевым" бағдарламасында сарапшылардың бірі «Қазақстанды Украинадан кейінгі проблема» деп атады. Ол біздің елде нацистік процестер барын айтқан. Ресейлік саясаткерлердің Қазқастанның аймақтық тұрақтылығына қатысты пікірлері, біздің елде өзге ұлт өкілдеріне қысым жасалып жатыр деген негізсіз ойлары бұған дейін айтылып келгенді. Бүгін мәжіліске келген сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенкодан журналистер осы жағдайға қатысты қандай әрекет жасап жатырсыздар?- деп сұраған едік.

Ресейдің федералдық телеарнасындағы белгілі бағдарламасында сарапшылардың бірі Қазақстанды Украинадан кейінгі проблема деп атады. Ол Қазақстанда нацистік процестер барын айтқан. Тіпті шекаралас жатқан аймақтарда славяндардың көп тұратынын айтып та жатты. Ресейлік сарапшылардың негізсіз пікірлеріне қатысты Қазақстанның сыртқы ведомствосы қандай шара қолданады? Көршіден ескен келеңсіз ойларға тежеу бола ма? Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко тілшілерге берген сұқбатында мұндай сипаттағы «говорящая головалардың» сөздеріне қатысты Мемлекет басшысы Ресейде кездесу кезінде өз пікрін айтқан болатын. Бұл біріншіден, Ресей Федерациясының ресми ұстанымын білдірмейді. Екіншіден, Қазақстан мен Ресей арасындағы қарым-қатынасқа еш әсерін тигізбейді деді.

РОМАН ВАСИЛЕНКО – ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ "Әрине, мен ешқашан нацистік процеске тап болған емеспін, ол біздің елімізде жоқ та. Мұндай мәлімдемелерге қатысты айтарым - Мемлекет басшысы да, СІМ басшылығы да, өзге басшылар да бұған дейін түрлі мәлімдеме естіді. Біріншіден, біз бұл Ресей Федерациясының ресми ұстанымы деп санамаймыз. Екіншіден, Қазақстан мен Ресей арасындағы дәстүрлі тығыз қарым-қатынастарға нұқсан келтіріліп отыр. Үшіншіден, федералды арналардың бірінде осындай позицияларды жарияланғандықтан Ресей Федерациясының билігі тиісті реакция береді"

Дегенмен, дипломат Қазақстанның сыртқы істер министрлігінің бұл пікірге қатысты қандай шешім қабылдайтынын ашып айтпады. Ал мәжіліс депутаттары еліміздің ішкі тыныштығына нұқсан клетіретін мұндай негізсіз мәлімдемелерге сыртқы ведомство бірден реакция жасауы керек дейді.

Қазақстанда шетелдік телеарналарды трансляциялайтын кабельдік арналар бар. Осы келеңсіз мәлімдемелерді көрсетіп жатқан ресейлік арналардың Қазақстанда транслияциялануына қатысты отандық кабельдік операторлардың жауапкершілігін күшейту қажет дейді депутаттар.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.