Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Референдумның маңызын түсіндірді

c 16:49, 19/05/2022 c 661

БҚО-на ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Азат Перуашев жұмыс сапарымен келді. Мұндағы мақсат-«Ақ жол» ҚДП төрағасы депутаттармен жүздесіп, алда болатын республикалық референдумды халық арасында кеңінен насихаттау. Шараға партияның облыстық, қалалық, аудандық депутаттары қатысты. Азат Тұрлыбекұлы ата заңға аса қажетті өзгерістерге жіті тоқталды. Соның ішінде Президентке, оның жақындары мен туыстарына қатысты талаптарды тілге тиек етті. Өзгерістерге сай елімізде Президенттің жақын туыстарының саяси мемлекеттік қызметшілер мен басшы лауазымдарына орналасуға заңнама бойынша тыйым салынады. Төрағаның айтуынша, биліктің қай деңгейі болсын бастысы халықтың мүддесі қорғалуы керек.

«Ақ жол» ДП төрағасы Азат Перуашевтың айтуынша, референдум Қазақстан дамуының жаңа кезеңінің басталуы, түбегейлі өзгерістерге жасалған нық қадам екенін қадап айтты. Өз сөзінде Ата заңда 33 бапқа 56 толықтыру енгізілетіндігін жеткізді. Ал сол өзгерістерді ақжолдықтар өз бағдарламасында, депутаттық жолдауларында үнемі айтып келеді. Демек, елімізге түбегейлі өзгерістер қажет. Бұл "Ақ жол" партиясының негізгі ұстанымы. Мұндай конституциялық өзгерістерді "Ақжол" ҚДП-ның депутаттары бірауыздан қолдап отыр. Ал түсіндірме жұмыстарымен облыс орталығынан бөлек барлық аудандар қамтылған. Тұрғындармен кездесулер өткізіліп, референдум маңыздылығын түсіндіруге аудандық мәслихат депутаттары да атсалысуда.

Кездесу соңында партия ардагерлері марапатталды. Барлығы партияда сан жылдар мүшелікте болып, өлшеусіз қызмет атқарған жандар. Бір топ белсенді ақжолдыққа "АҚЖОЛ" ҚДП Ұлттық кеңесінің Президумы атынан партияның 20 жылдығына арналған медальдар табысталды. Айта кетсек, Президент жарлығымен референдум 5 маусымда өтеді. Ал халық арасында оны түсіндіру, насихаттау жұмыстары дәл қазір қызып жатыр. "Ақжол" партиясының депутатары барлық аудандарды аяқтап аралап, ата заңға керек өзгерістерді халыққа жеткізіп келеді.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.