Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ПРЕЗИДЕНТТІҢ ТАПСЫРМАЛАРЫ

c 11:49, 17/11/2021 c 640

0:00 / 0:00

Білім алуға бөлінетін қаржы тікелей грант иесіне берілуі тиіс. Яғни студент оқу ақысын өзі төлеуі керек –деді Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің алтыншы отырысында. Сапалы білім беру, мектеп салу, жалғызбасты аналарды қолдау, ауылды дамыту, банк алдындағы борышкерлер проблемасы, шекара қауіпсіздігін сақтау бүгінгі өткен кеңестің отырысында талқыланды. Президент Үкіметке бірқатар міндеттерді жүктеді.

Осымен алтыншы рет өткізіліп отырған сенім кеңесінің отырысында Президент бірнеше ұсынысты алға тартып, үкімет пен әкімдерге тапсырмаларын жүктеді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ауыл әкімдерін сайлау мәселесіне тоқталды. Өздеріңізге мәлім, биыл ауыл әкімдерінің сайлауы өтіп, 800 астам ауыл басшысы сайланды. Енді Президент ауыл әкіміне сайлану үшін жоғары білімді болу міндетті емес деді. Орта арнаулы білімі бар азамат та ауылды басқара алады.

Тоқаев елдегі сапалы білім беру мәселесіне де тоқталды. Мектептердегі орын тапшылығынан бастауышта бір сыныпта 30-40 баладан отырғаны мәлім. Әкімдерге мектеп салуға жер телімін бөлуде бюрократияға жол бермеуді, үкіметке тұрғын үй салғанда мектеп, балабақша қатар салынуы қажеттігін айтты. Ал мектептерде сыныпта 25 оқушыдан артық отырмауы керек деді. Жыл асйны жоғарғы оқу орындарына бөлініп жатқан мемлекеттік грант саны да артуда. Қазынадан бір студентті оқытуға 4 миллион теңге бөлінеді. Енді бұл қаражат бюджет қаржысына үміт артып қалған университеттерге емес, грант иесі-студенттерге берілетін болады.

Қазақстандықтардың банк алдындағы қарыздары бойынша да мәселе қозғалды. Тоқаев Алматыда 5 адамның өмірін қиған қайғылы оқиғаны еске салды. Бұл ақтауға келмейтін қылмыс деді ол. Президенттің мәліметінше, бүгінгі күні елде 540 мың азаматтың банктер алдында жалпы сомасы 354 млрд теңгені құрайтын 90 күннен астам мерзімі өткен берешегі бар. Ол қарыз алушыларға кепілге қойған мүлігін өз бетінше сату құқығын беру қажет деді.

Сондай-ақ, мемлекет басшысы шекара қауіпсіздігіне де тоқталды. Тоқаевты шекарадағы ауылдарда халық санының азайып бара жатқаны мазалады.

Әрине Президент ана мен бала қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесіне де басымдық берді. Бұл орайда жалғызбасты аналардың мүддесін қорғау қажеттігі айтылды. Заңнамалық деңгейде жалғызбасты ата-аналардың қашықтан жұмыс істеуі мен қысқартылған жұмыс істеу құқығын енгізу керектігін ұсынды.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.