Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ПРЕЗИДЕНТТІҢ ИНТЕРНЕТ САПАСЫНА КӨҢІЛІ ТОЛМАЙДЫ

c 10:08, 29/10/2021 c 1289

0:00 / 0:00

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың елдегі интернет сапасына көңілі толмайды. Президент интернетпен қамтуға қатысты құзырлы органдардың сансыз есебі шындыққа жанаспай жататын айтып, сынады. Бұл жайында елодрдада өткен «Digital Bridge» халықаралық технологиялық форумы барысында сөз болды. Форум жұмысына қатысты Президент Қасым-Жомарт Тоқаев цифрландыру ісіне жауапты органдардың нәтижесіз жұмысын да сынға алды. Цифрлы Қазақстанды дамыту мәселесі аталмыш форумда талқыланған еді.

Қасым-Жомарт Тоқаев құзырлы органдар күнделікті бюрократиялық жұмысты емес, цифрлық реформалар мен өзгерістерді жүзеге асыруы керек деді. Президент бұл орайда бизнес-қоғамдастықтың атсалысқаны жөн. Тек сонда ғана жалпымемлекеттік «цифрлық дамуды» жасай аламыз дейді. Тоқаев ұсынған мәліметтерге сүйенсек, «Siemens» компаниясының бағалауы бойынша, отандық өнеркәсіптік кәсіпорындардың 80 пайызында автоматтандыру деңгейі өте төмен, яғни Индустрия 2.0 деңгейінде. Ал әлемде индустрия 4.0 дәуірінде өмір сүріп жатыр. Яғни Цифрлы Қазақстан бағдарламасы дұрыс жұмыс істемей отыр деген сөз.

Бұл орайда Президент жыл соңына дейін цифрландыруға жауапты әрбір вице-министр үшін нақты KPI әзірлеуді талап етті және үкімет басшысына олардың қызметіне қатысты ұстанымды қайта қарауды, кадрлық құрамына баға беруді жүктеді. Сондай-ақ, мемлекет басшысы жеке мәліметтердің қауіпсіздігі сақталмай отырғанын айтты.

Форум барысында Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегі интернет пен байланыс сапасы сын көтермейтінін де айтты. Тіпті бас қала –Нұр-Сұлтанның өзінде интернет сапасы төмен. Сөз бен істің алшақтығы 40-50 пайызға дейін жетеді. Тұтынушыларды алдап отырғандарға қатысты санкциялар белгілеу қажет деді.

Соңғы мәліметтер сәйкес, алдағы бес жылда елдегі цифрлық дамуға 1 миллиард доллар жұмсау жоспары бар. Дүниежүзілік банкпен бірлесе отырып, Назарбаев Университетінің базасында жасанды интеллекті ұлттық кластері құрылмақшы.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.